Сәулет және құрылыс саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
«Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылыcы және құрылыс бөлімі» КММ-сі арқылы 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді атқарады. Олар:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру».
2. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну».
3. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу».
4. «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру».
5. "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру".
6. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру".
Қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 4-і жиі атқарылатын қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының негізінде жүзеге асырылады.
1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және Электронды Үуімет порталы арқылы өтініш білдіруге болады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 6 (алты) жұмыс күні.
Ағымдағы жылдың 9 айында аталмыш қызмет бойынша жалпы саны 3043 өтінім түскен, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы - 619, электронды үкімет порталы арқылы - 2424 қызмет көрсетілді. 2020 жылдың осы кезеңінде 5010 өтініш тіркелген болатын, яғни биыл қызмет алушылар саны оның ішінде электронды түрде зымет алуышылар санының азайғаны байқалады.
2. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну», яғни АПЗ мемлекеттік қызметін алу үшін өтініштер «Е-лицензия» электронды порталы қабылдануда.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Нысан бойынша өтініш;
2. Нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі;
3. Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 6 (алты) жұмыс күні.
Бұл қызмет бойынша 2021 жылдың 9 айында құрылыс нысандарын салуға 457 өтініш түссе, 2020 жылдың аталмыш кезеңінде небәрі 45 өтініш тіркелген. Яғни үстіміздегі жылғы өтініштер саны 10 есеге артқан. Өтініштердің барлығы электронды түрде жолданып, өңделгенін ескерсек, бұл өте жақсы көрсеткіш деп есептейміз.
3. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметі де Электронды түрде алуға қолжетімді болып табылады. Бұл қызмет "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні.
3. 2021 жылғы 9 айда салынуы жоспарланған 372 құрылыс объектісіне, «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетілді. Өткен жылы аталмыш қызмет бойынша 20 өтініш қана қабылданып, қанағаттандырылған.
4. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидалары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығымен бекітілген өзгерістерге байланысты «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі тек қана www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілуге жатады. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Нысан бойынша өтініш;
2. Егер бұзу мердігерлік тәсілмен орындалса, жұмыстарға арналған шарттың электрондық көшірмесі;
3. Егер ғимараттың бірнеше меншік иесі болған жағдайда ғимараттың басқа меншік иелерінен осы жұмыстарды жүргізуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімнің электрондық көшірмесі;
4. Егер құрылыстарды бұзу жөніндегі жұмыстар кешенің жүргізу олардың мүдделерін қозғайтын болса, үй –жайлардың (үй бөліктерінің) сабақтас меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімнің электрондық көшірмесі;
5. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті атестаты бар аккредиттелген ұйым берген қорытындының электрондық көшірмесі;
6. ЖЖЖ заңның 60 бабының 2-тармағында көрсетілген объектілер бойынша қажет емес /жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі.
Күрделі ғимараттардың мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні.
Күрделі емес ғимараттардың мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күні.
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2020 жылдың 9 айында 17 қызмет көрсетілген болса, ағымдағы жылы 23 өтініш қанағаттандырылған.
Қазіргі әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызметтердің барлығын қашықтықтан алу өте өзекті мәселе болып отыр, сол себепті аудан тұрғындарын жоғарыда аталған қызметтерді онлайн түрде EGOV.KZ порталы арқылы әр тұлғаның жеке сандық қолтаңбасымен (ЭЦП) алуға шақырамыз. Интернетке қолжетімсіз болған жағдайда біздің бөлімнің ғимаратында электронды өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған кез келген жұмыс күні қызмет алушылар мамандардың кеңесін ала отырып онлайн қызмет алуды үйренуге мүмкіндік бар.