№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу жолдары жеңілдетілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу жолдары жеңілдетілді


Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар қарыштап дамып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу жолдары жеңілдеуде. Мәселен, бұған дейін ұзын-сонар кезекте тұрып алатын анықтамаларды үйден шықпай-ақ, мобильдік қосымша арқылы әп-сәтте қол жеткізуге болады.

Тек қолыңызда ұялы телефон мен интернет қолжетімді болса жеткілікті. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу үшін eGov Mobile, Kaspi.kz мобилді қосымшаларын қолдануға болады.

Сонымен қатар, Kaspi.kz мобилдік қосымшасы арқылы мемлекеттік қызмет үшін төлем жасауға да болады және бұл қызмет үшін ешқандай комиссия алынбайды.

Аталған мобилді қосымшалардың тағы бір артықшылығы бар. Қазіргі таңда «цифрлық құжат» қызметі арқылы Сіз өзіңіздің жеке куәлік, вакцина паспортын, жүргізуші және неке куәлігін, туу туралы куәлік және басқа да цифрлық құжаттарды қосымша арқылы алуға болады. Бұл құжаттарды алу үшін бір реттік құпиясөзді жазып, келісім берсеңіз болғаны.

Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге дербес компьютер арқылы да қол жеткізуге болады. Ол үшін Сізге электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Қазіргі таңда ЭЦҚ-ға қол жеткізу үшін бұрынғыдай халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Қарапайым халық арасында «кілт» деп аталып кеткен ЭЦҚ-ны e.gov.kz порталы арқылы онлайн ала аламыз.

ЭЦҚ іс жүзінде сандық кеңестіктегі көп артықшылықтары бар кілттің бір түрі. Интернетке қосылған дербес компьютеріңіз немесе смартфоныңыз болса ЭЦҚ кілтіңізбен мемлекеттік органға не ХҚО-ға бармай-ақ тұрған жеріңізден сотталмағандығы туралы, мекен-жайға тіркелу жөнінде т.б. көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта ала аласыз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департамент
20 шілде 2022 ж. 282 0