№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас өмірді жаралағанның жазасы ауыр

Жас өмірді жаралағанның жазасы ауыр


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың наурызы мен 2023 жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған еді.


Жолдауға сәйкес Президент осы жылдың 15-сәуірінде тұрмыстық зорлық-омбылықпен күресуге бағыттал­ған заңға қол қойды. Аталған заң 16-маусымнан бас­тап күшіне еніп, әйелдер мен балаларға әлімжеттік көрсеткендердің жазасы ауырлайды.
- Мұндай қылмыстардың алдын алып, жолын кесу үшін менің тапсырмаммен нақты шаралар қабылдануда. Әйелдер мен балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болды. Сондай-ақ ішкі істер органда­р­ында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен шұғылданатын мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді, – деді Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында.
Демек, жаңа заң жобасы әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуді көздейді. Мәселен, бұрын ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру әкімшілік құқық-бұзушылық ретінде сараланып келсе, 2024жылдың 16-маусымынан бастап осы тектес қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Жазаларға 80-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту және 50 тәулікке дейін қамауға алу жатады.
Айта кетейік, жәбірленушіні азаптағаны үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Сондай-ақ жасөспірімдерге зәбір көрсетудің барлық түрлері бойынша жаза күшейтілді. Қоғамның ең бір қорғансыз мүшелері саналатын сәби жастағы балақандар мен нәзік жандыларды ұдайы қамқорлықта ұстап, жан-жақты көмек қол ұшын созу – әрбір азаматтың міндеті.

Эльдар Рысқұлов,
Жаңақорған аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы
11 маусым 2024 ж. 323 0