Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бітірушілер қауіпсіздігі – басты назарда

Бітірушілер қауіпсіздігі – басты назарда


Соңғы қоңырау соғылып, мектеп оқушылары жазғы демалысқа шығатын уақыт таяп қалды. Мектеп бітірушілер арасында алтын ұямен қоштасу салтанатты кешін ұйымдастыру, тағы да басқа түрлі ойын-сауық шараларына мүдделілік басым екені рас. Бейсенбі күні аудан орталығындағы №169 және №163 орта мектептерде өткен жиын осы тақырыпты талқылады.


Ата-аналардың қатысуымен өткен шарада аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов сөз алып, мектеп бітірушілер үшін қабылданған биылғы белгіленген ережелерді жеткізсе, аудан­дық прокуратураның прокуроры Берік Байсбаев, жергілікті полиция қызметінің бастығы Шың­ғыс Караматов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Елжан Шегебаев, аудан­дық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіске­рі Мира Жандарбековалар өз салалары бойынша ережелермен және заңдылықтармен таныстырды.
Бітіруші түлектер үшін дәстүрлі мерекеге айналған қоштасу кешін жоғары деңгейде атап өту көп ата-ананың қалтасы көтермей­тін қаражатқа келіп тірелетінін айтпағанда жасөспірімдердің өміріне зиян келтіріп жататын жағдайлар да кездесетіні жасырын емес. Бұған дейін мектеп бітіру кешін ұйымдастыруда қымбат көліктерді жалға алып «көліктер шеруін» ұйымдастыру бітірушілердің дәстүрлі хоббиіне айналды десек те болады. Қызық қуған жас жеткіншектер көңіл көтереміз деп жүріп жазым болып, оқыс оқиғаларға ұшыраған жағдай аз емес. Жиында осындай оқыс жағдайлардың алдын алу жұмыстарына ден қою керектігі айтылып, тиісті сала мамандарына тапсырмалар берілді.
Қазіргі уақытта кездесіп жатқан келеңсіздік­тің басым бөлігі ата-аналардың бала тағдырына салғырттығы салдарынан болып жатыр. Мәселен, камелеттік жасқа толмаған, жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиға­ла­ры көптеп тіркелуде. Заң өкілдері тарапы­нан ескертулер мен айыппұл тағайындалатын жағдайларда ата-аналар еш қарсылықсыз ай­ыппұлды өтегенімен, жүргізуші куәлігі жоқ балалары көлік тізгіндеуді тоқтатпай келеді. Осы бағытта қауіпсіздік шараларын қаматамасыз етуге баса назар аудару керектігі жайлы жан-жақты талқыланды.
Жиын барысында кәмелетке толмағандар­дың өзен-көлдерге шомылуына қатаң тыйым салынатындығы айтылды.
Сонымен бірге жасөспірімдердің түнгі уақытта, яғни 22.00-ден кейін көңіл көтеру орындарында, 23.00-ден кейін қоғамдық орындарда болуына жол бермеу, көшеде жауапты тұлғаларсыз жүруіне тыйым салу қажеттігі нақтыланды. Осындай талап-ережелерді өрескел бұзып, автокөлік жалдаған және жеке үйлер мен ресторандарға, тойхана, мейрамханаларға, демалыс орындарына мерекелік дастарханға тапсырыс берген мектеп бітірушілер туралы ақпарат белгілі болған жағдайда «102» телефоны арқылы заң өкілдеріне дереу хабар беру қажеттігі ескертілді. Ата-аналардың заң өкілдеріне жолдаған сауалдары аясында кезекші қызметкерлердің аймақтарға бөліну реттілігі сараланып, мектеп инспекторларымен байланыс одан әрі күшейтілетіндігі сөз болды.

Жәмила ЕРМАХАН
25 мамыр 2024 ж. 286 0