Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » “Білімім – Отаныма”

“Білімім – Отаныма”


Биыл алғаш рет Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау шарасына бітіруші түлектер ғана қатысады. Түлектер қоштасу кешін дәстүрлі түрде білім ұясында өткізеді. Ал 1-10 сынып оқушылары бірыңғай сынып сағатын өткізді. Биыл қазақстандық ұландар 24 мамыр күні «Білімім – Отаныма» деген тақырыптағы ашық сабақпен оқу жылын қорытты. Отансүйгіштікке, патриотизмге негізделген сынып сағатының мәні зор.


Жалпы елімізде биылғы оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтаса, соның 186 000-ы бітіруші түлек. Сыр өңіріндегі 330 мектепті 181 мыңнан астам оқушы тәмамдады. Оның ішінде 11-ші сыныпты 8 240 түлек аяқтап, үлкен өмірге қадам баспақ. «Алтын белгіге» үміткерлер саны 589-ды құрайды. Жаңақорған ауданында 1023 түлек мектеп бітіреді. Оның 92 пайызы, яғни 951 түлек ҰБТ-ға қатысады деп күтілуде.
Біз биылғы оқу жылының соңғы сынып сағатына қатысуды жөн көріп, орталықтағы №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебіне бет түзедік. Аудандағы жалғыз аралас білім ордасы. Екінші жағынан, пәндік олимпиадаларда алдыңғы қатарлы мектептердің бірі. Бұл білім ордасында биылғы оқу жылында 75 оқушы мектеп бітіреді.
– Биыл бастауыш сыныпта 388 оқушы білім алса, 9-сынып бітірушілер 118-ді құрады. ҰБТ-ға қатысатын 73 оқушымыз сақадай-сай тұр. 2 алтын белгіге үміткер бар. Түлектер тестілеуге қатысуға толық дайын. Пәндік олимпиадалардан облыстық, республикалық деңгейде жүлде алып келдік.
Бүгінгі тақырып бойынша сабақ әр сыныпта өткізілуде. Жалпы бұл оқушылардың жыл бой­ына жинаған азығының бір жиынтығы іспетті патриоттық тәрбиелік сабақ. Тақырып мазмұны түсінікті, Еліміздің патриоттары өсіп шығуына тілектеспіз, – дейді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғалымжан Рүстемов.
Бұл бастаманың мақсаты – балаларды білім ұясына қамқор болуға, білімге құштарлыққа, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қоры­тындылай білуге тәрбиелеу. Бастауыш және жоғары сыныптарға арнайы кіріп, сынып сағатына қатыстық. Алдымен 8-сыныпқа еніп, оқушылардың ашық сабағына қонақ болдық. Пән мұғалімі Райхан Айдарбекқызының тәрбие сағаты төрт тараудан құралған.
– Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту, сондай-ақ, логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру басты міндетіміз, – дейді ұстаз. Мемлекеттік тілді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу, құндылықты дамыту және ұлттық мүдде мен пәнаралақ байланысты орнықтыру мақсат етілген сабақта патриоттық бағытта мазмұнды баяндама оқылды. Одан кейін мақал-мәтел, жұмбақ және жаңылтпаштан тұратын тарау бойынша оқушылар білімі сынға түсті. Озат шыққандарға арнайы Мақтау қаға­зы мен төсбелгілер табысталды. Бұл баланың бойындағы білімді тағы бір тиянақтауға арналды.
Айта кететіні, 9-11 сынып оқушылары «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында эссе жазып ой ұшқырлықтарын таразылады. Міне, биыл тұңғыш жүзеге асқан жобаның ауқымы мен мән-маңызы осындай.

Әли ТЕМІРБЕК
25 мамыр 2024 ж. 272 0