№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » « Мәдениет мәңгілік, өнер-өміршең"

« Мәдениет мәңгілік, өнер-өміршең"


« Мәдениет мәңгілік, өнер-өміршең" атты өнер сағаты.
Қай халықтың болмасын, өзге жұртқа ұқсамайтын , бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік
тағдырын айқындайтын басты белгісі-мәдениеті мен өнері. Мәдениет- ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ел ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады.
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде дәстүрлі халық өнері дүниеге келді. Қазақ әні мен күйінде халық өнерінің әр кезеңдегі тыныс-тіршілігі, заман үні көркем көрініс тапқан. Халық өнері ән-жыр, толғау, терме, күй түрінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілген. Соның нәтижесінде бай
музыкалық мұра жасалды, мәдениеті қалыптасты. Кез келген мемлекеттің, қоғамның қалыптасуы мен дамуына мәдениеттің қосар үлесі зор. Мәдениет- адамзатты тұлға деңгейінде қалыптастыратын негізгі құрал, өнер- мәдениеттің алтын қазынасы. Елімізде мамырдың 21 жұлдызы -мәдениет пен өнер күні болып белгіленіп, жыл сайын аталып келеді. Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Бір-бірінсіз жетімсіреп тұратындай. Мәдениеттің мәйегі өнер арқылы дәріптеліп, халықтың құлағына жетіп жатады.
Ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді , өнер иелерінің шығармаларын насихаттау, жастарды өнерге
баулу бағытында ауданымызда бірнеше шығармашылық өнер мектептері, мәдениет ошақтары-
клуб үйлері , орталықтандырылған кітапхана жүйесі жұмыс жасап келеді және өздеріне жүктелген
міндетті лайықты орындап келеді. Мәдениет пен өнер саласынын қызметкерлерінің мерекесі құтты болсын!
22 мамыр 2024 ж. 910 0