Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балға ұстамаған білекті ме?

Балға ұстамаған білекті ме?


Өткен жазда ағамның үйіне жол түсті. Нағыз құрылыстың қайнаған уақыты. Үй ауласына кірсем ағам тірліктің бел ортасында жүр екен. Қасында жоғары сыныпта оқитын ұлы және жанында бірнеше жас жігіт бар. Оларды тани алмадым. Біреуінің қолында шеге, екіншісінде балға, енді біреуі арамен ағаш кесіп жатыр. Қырықтың қырқасына шыққан ағамыз:


– Дұрыс қақ, бір шеге қаға алмайсың ба, сендерді де азамат, дейді-ау, – деді.
Ағамның жанына жақындап:
– Тыныштық па, қатқыл даусыңыз алыстан естіліп жатыр, – дедім.
– Біз осындай кезімізде шеге емес, жерге қазық қағып, бір үйдің іргесін қалайтынбыз. Қазір заман өзгерді ме, адам өзгерді ме, әлжуаз жігіттер көбейіп бара жатыр, – деді ашына. Шынында, ол кісінің айтқаны өте дұрыс. Мен де осыдан бірнеше жыл бұрын, тіпті қазірде егде тартқан аға буыннан, «біз сендердей кезімізде не істемедік» деген сөзді жиі естимін. Иә, ол кісілер заманында нардай күшімен нағыз қара жұмыстың шаңын қаққаны рас. Бұл істің кейінгі ұрпаққа үлгі екенін білеміз. Ағамның әлгі сөзінен кейін жетпістің жотасына шыққан атамның мына әңгімесі ойға келді.
«Осыдан қырық жылдан астам уақыт бұрын қарашаңырақты жал­ғыз өзім тұрғыздым. Әрине, оңай болмады. Қаратаудың етегіне барып «Зил» жүк көлігімен таудың тасын бұзып, демалыс күнде­рі таситынмын. Ал жұмыс күндері таңалакеуімнен тұрып, жұмыс уақытына дейін кесек құятын едім. Осылай бір жылда үйдің қабырғасын көтеріп қойсам, келер жылы сол үйде қоныс тойын тойладық. Мұның бәрі бейнеттің арқасы». Қарап отырсаң мұның бәрі қисапсыз маңдай тердің, қайрат-күштің жемісі ғой.
Ал бүгінгінің жастары қандай? Әлеуметтік желіге телмірген бала­лардан болашақта не күтеміз? Қазір олардың көбі аурушаң, әлсіз әрі жұмысқа епсіз болып келеді. Бұл – ойландырар мәселе.
Көк сандықтың арғы жағындағы «бала баға алады, балға ұстай алмайды» деген сөздің түпкі төркінін жиі аңғарып жүрміз. Бір шеге қа­ға алмайтындар, үйдегі құрылғысы бұзылса сантехник шақыртатын, не даланың, не қаланың шаруасына қыры жоқ ақсаусақ жігіттер көбейгені елді алаңдатады. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Бірақ айтпасқа тағы болмайды. Бұл – қоғамдағы өткір мәселе. Келешекте мал сою, бас-сирақ үйіту, ет бұзу ақысы қымбат жеке кәсіпке айналатын түрі бар. Бұрын екінің бірі білетін осы іске қазір көбіне тек орта жастағы кісілер жауапты болып қалған секілді. Бұл жігіттер бойынан күш-қуат кетті дегенді білдірмейді. Ептілік пен ниет жоқ деген сөз.

P.S.: Тәуелсіз елдің дамуына сүбелі үлес қосып, жарқын бола­шаққа бастар дара жолды салу үшін балажан ата-ана баласын қара жұмыспен шыңдап, еңбекке баулыса игі.

Әли ТЕМІРБЕК
23 сәуір 2024 ж. 486 0