Тұңғыш жекеменшік мектеп-интернат ашылды

⠀
Әу бастағы мектеп құрылтайшыларының ниеті елдегі танымал НИШ, БИЛ секілді білім ордасының тәжірибесін ауылға әкелу болатын. Алғашқы қадам жасалды. Кент орталығынан, ауыл-аймақтан білімге құштар, IQ жоғары, зерек, озат оқушыларға жайлы жатақхана есігін ашты. Қона жататын оқушылар мемлекеттік стандартқа сай сапалы білімінен бөлек, қосымша түсауа және кешкілік kinoтайм һәм bookтайм. Яғни, жеке тұлғалық дамуға бағытталған кітаптар мен таңдамалы киноны таңдап көретін болады. Атшаптырым аумақты алып жатқан спорт залы шынығамын деген шәкірт үшін.
⠀
Ал, бұрымды арулар кондитерлік өнімдер мен тігін тігу шеберханасында қосымша қабілетін шыңдайды. Телефонға телмірмей тәуір тіршілікке жарар дүниелерді тәлімгерден үйренеді. Баланың бос уақытын тиімді өткізумен қатар, тәрбиесіне де назар аудару. Әрине, айта берсе, жаңалық көп. Арық сөйлеп, семіз шыққан жөн болып тұр.