№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлтқа қызмет ету - мінезден

Ұлтқа қызмет ету - мінезден

Ел тәуелсіздігі жарияланған тәуменді сәтте дүниеге келген жастардың арманы асқақ, Отанға деген сүйіспеншілігі ерек, өресі биік, мақсаты зор. Солардың қатарында аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы бар. Асхат Қыдырбаевтың сөзінше, отбасында оның туған күні ерекше мереке, себебі, қуаныш сәтіндегі құттықтау сөздері тәуелсіздік құрдасының мойнына жауапкершілік артып, іргелі мемлекет үшін мақтаныш сезімін еселейтінін анық байқадық.

– Мен 1991 жылғы құрдастарымды қадамы құтты ұрпаққа балаймын. Себебі, біз дүниеге келген жылы қазақ халқы сарылып күткен Тәуелсіздікке қол жеткізді. Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызуғышылығым басым болды. Біз – жастар, еліміздің осы тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктеріне сүйсінеміз, – дейді ол.

Ол өзінің студенттік шағында ата-анасына салмақ түсіруді қаламай, түске дейін сабақта, түстен кейін қосымша жұмыс жасауды оң көріпті. Бүгінде мемлекеттік қызмет саласының маманы күнделікті жұмысынан қолы қалт еткенде, тарихи кітаптар оқып, тәуелсіздіктің қазақ халқына қияпат жолдармен келгенін тереңінен түсінгенін жеткізді.

– Ата-бабаларымыз аңсап жеткен, батыр ұл-қыздардың қаны төгіліп, жандары пида етілген Тәуелсіздікті біз қадірлей білуіміз керек. Атақ пен абыройдан бұрын елдің дамуы жолында тер төгіп, қызметіңе адал болсаң, сол мойныңа артылған жүк пен жауапкершілікті орындай білгенің деп есептеймін. Бізге тағдыр мемлекетіміздің Тәуелсіздік алған жылда жарық дүние есігін ашуды бұйырыпты. Алдағы үлкен істер біздің еншімізде. Қазір әр қадамыма есеп беріп, айналама ойлана қарайтын болдым. Буырқанған күш-қуатымды Отанымды көркейтуге, гүлдендіруге жұмсасам деймін. Халқымның бейбіт елде ғұмыр кешкенін қалаймын, – дейді ол.

Міне, мемлекеттік қызметте жүріп өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, еңбекқор азаматтардың пікірі осындай. «Ұлтқа қызмет ету – мінезден» деп ұлыларымыз айтқандай, ел мүддесінің үдесінен шығуды алдына міндет етіп қойған жас мамандар барда елдің де келешегі кемел болмақ.

Әсел РЗАЕВА
20 желтоқсан 2023 ж. 335 0