«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында пандустарға мониторинг жұмыстары жүргізілді.
«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы Партиялық бақылау комиссиясы жанынан құрылған мониторинг топ мүшелері және Жаңақорған аудандық мүгедектер қоғамдық қорының және "Жебеуші" мүгедектердің қорғау қорының төрағасы Исмайлов Нурдинмен Жаңарық ауылдық округіндегі «Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің №167 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, «Бәйтерек бөбекжай-бақшасы» коммуналдық қазынашылық кәсіпорнына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының оның ішінде, «Пандус», «Қызметкерлерді шақыру қоңырауы», «Мүгедекке арналған автотұрақ», «Бағыттаушы тактильді жолақтар», «Кедергіні ескертетін тактильді плиткалар», «Брайль әріптерімен жазылған тактильді ақпараттық тақташа», «Бағыттаушы белгілер», «Мүгедектерді қабылдайтын орын» бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет екендігі толығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.