№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оқу - жаттығу пысықталды

Оқу - жаттығу пысықталды

Қар қыр астында демекші, қыста қылышын сүйретіп келді. Сондықтан кез келген төтенше жағдайға дайын болғанымыз әбден жөн. Осыған байланысты аудан орталығында «Қыс – 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2023 жылғы 3 қарашадағы ұйымдастыру нұсқауына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында өткізілген дайындық жұмысына барлық жауапты бөлімдер мен өндіріс орындары қатысты. Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын ден қоюға дайындау» да басты мақсат болды.

– Оқу-жаттығудың негізгі тақырыбы – «Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау». Оқу-жаттығу барысында 4 практикалық оқу орны белгіленген. №1 оқу орны Жаңақорған кенті, Құрманғазы көшесінің бойында Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысатын күштер мен құралдарының саптық қарауы өткізілді.Саптық қарауға, 14 қызметтен барлығы 110 адам мен 37 техника қатыстырылды. №2 оқу орны Жаңақорған кентіндегі газ реттегіш пунктіндегі орын алған өртті жою бойынша арнайы-тактикалық оқужаттығу өткізілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінен, өртке қарсы қызмет, медициналық қызмет, көлік қызметінен, энергетикалық қызмет және ақпарат қызметінен мамандар қатысып, техникалар жұмылдырылды, – аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Берікбай Омаров.

Сондай-ақ, №3 оқу орны «Байкен-U» ЖШС мен «Қызылқұм» ЖШС-нің аумағынан шыққан жүк автокөлігінің қауіпті затты тасымалдау кезінде жол көлік оқиғасы салдарынан төгілген улы заттың зардаптарын жоюға бағытталды. Оқу жаттығуға арнайы қызметтер мен «Байкен-U» ЖШС-нің «Хорасан-2» кенішінің авариялық-құтқару тобынан, «Қызылқұм» ЖШС-нің «Хорасан-1» және «Жаңақорған транзит» ЖШС-нің авариялық-құтқару тобынан адамдар мен техникалар қатыстырылды. №4 оқу орны «Шалқия Цинк» ЛТД АҚ-ның Шалқия кенішінің №80-ші горизонтында орын алған өртті сөндіру бойынша арнайытактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оған Шалқия кенішінің авариялыққұтқару командалары қатыстырылды.

Аталған оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов қатысып, аудан деңгейінде төтенше жағдай орын алған кезде оны жоюға жұмылдырылатын азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдардың әзірлігін тексерді. Алдымен инженерлік қызметтің техникаларымен танысып, қысқа дайындығын бағамдады. Қыс мезгілінде көрсетілетін қызметтерге дайын құрылымдар қатарында энергетика қызметі, байланыс қызметі, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі, медициналық қызметі, жолдар мен көпірлер қызметі, көлік қызметі, өртке қарсы қызметі, жанар-жағармай материалдар қызметі, жануарларды және өсімдіктерді қорғау қызметі, ақпарат қызметі, радиациялық қорғау қызметі, химиялық қорғау қызметі, сауда қызметтері бар. Аудан әкімінің орынбасары барлық құрылымдардың өкілдерін қыс мезгілі келе жатқандықтан, қай уақытта болсын әзір болу қажет екенін айтып, азаматтық қорғау қызметі мен құрылымдардың жұмысына сәттілік тіледі.

Әли ТЕМІРБЕК
04 желтоқсан 2023 ж. 310 0