№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отансүйгіштік - ойдың түбінде жатуы тиіс

Отансүйгіштік - ойдың түбінде жатуы тиіс

Сәрсенбі күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы бойынша Департаменттің ардагерлер кеңесі төрағасы Серік Досмағанбетов бастаған топ ауданымызға арнайы келді.

Мемлекет қауіпсіздігі мен адам өміріне жат пиғылдылардан төнетін қауіп-қатердің алдын алуда жоғары кәсібилікпен қызмет атқарып, абыройлы жолдан өткен ағалар эшалоны зейнетке шыққан соң да бойда бар білім-тәжірибесімен жас буынға дем беріп отыруы заңды. Бұл туралы аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов ардагерлермен кездесу жиынында арнайы тоқталып, аталмыш қызметтің арғы-бергі тарихынан тарқатып өтті. Кешеге дейін ұлттық қауіпсіздік қызметі құпиялығы басым құрылым ретінде саналып келсе, қазірде болмысына ар-ождан тазалығы мен терең білімді орнықтыра алған талап иелеріне бұл салаға қызметке кіріп, қабілетін дәлелдеуіне үлкен мүмкіндік бар. Бұл да Әділетті Қазақстанның айқын көрінісі екеніне тоқталған аудан басшысы сөз кезегін ҚР ҰҚК-нің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ардагерлер кеңесі төрағасы Серік Досмағанбетовке берді.

– Департамент ұжымында 100-ге жуық ардагер, қоғамдық негізде құрылған бірлестіктің мүшелері бар. Басшылықтың Астана қаласында, әр өңірде филиалдары құрылған. Өз облысымыздағы ардагерлер кеңесі жоспарымызды түзіп, кейінгі жас буынға тәрбиелік маңызы бар жұмыстар жүргізіп келеміз. Өз арамызда спорттық шара өткізуді жүйелі жолға қойдық. Өзіміздің футбол командамыз бар. Тапанша ату, бильярд, шашка, шахматтан жарыс өткізіп отырамыз. Балалар үйін қамқорлығымызға алып, әр мерекеде жеткіншектерді қуантып отыруды әдетке айналдырдық. Өз ардагерлеріміздің жайжағдайын көңілден тыс қалдырмай, арамызда марқұм болып кеткен әріптестеріміздің отбасына көмектесуді міндет санап келеміз. Жақында ғана облыс әкімінің қолдауымен осындай отбасына үш бөлмелі пәтер кілтін табыстадық. Департамент ауласына ескерткішке қойылған Отан соғысында мерт болған боздақтар рухына арналған мәңгілік алауға ардагерлер бас қосып, тағзым етіп, гүл шоқтарын қоюды дәстүрге айналдырдық.
04 желтоқсан 2023 ж. 269 0