Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері Жаңақорған ауданында болды

ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері Жаңақорған ауданында болды

Қазақстан Республикасы «Ұлттық қауіпсіздік органдарының Ардагерлері» Республикалық қоғамдық ұйымы Қызылорда облыстық филиалының мүшелері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің ардагерлері Жаңақорған ауданына арнайы келіп, аудан басшысы Мұрат Тлеумбетовпен және ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен кездесуге ауданымыздың зиялы қауым және БАҚ-ы өкілдері, ардагерлер мен белсенді жастар қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттап, Қазақстан Республикасы Арнаулы мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттеріне, атқарылған қызметтеріне қысқаша тоқталды.

«ҰҚК органдарының Ардагерлері» Республикалық қоғамдық ұйымының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Досмағамбетов Серік Жаңбырбайұлы арнайы ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстарына тоқталып, аудан жастарын құқық қорғау органдарына оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке орналасуға шақырды.

Басқосу барысында сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар беріліп, еркін форматта пікір алмасу өтті.

Кездесу соңында ҰҚК және аудан ардагерлері тарапынан Қызылорда облысы аймағында жастармен танымдық кездесулер ұйымдастыруға ұйытқы болған аймақ басшысы Н.Нәлібаевқа және Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетовке алғыстарын жеткізді.
01 желтоқсан 2023 ж. 478 0