№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (8781) 3

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (8780) 30

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Күздің сұлу көрінісі

Күздің сұлу көрінісі

Кент орталығындағы «№1 Ғажайып» көркем сурет салу үйірме мектебінде «Күздің сұлу көрінісі» атты оқушылар арасында шығармашылық байқау болып өтті. Оған онға жуық талапкер қатысып, күз мезгілінің ең әдемі көріністерін ақ қағазға түсіріп, өзара бақ сынасты. Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу, балалардың танымдық қызығушылығын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған сайысты үйірме мектебінің директоры Райымбек Ерболұлы ашты.

– Бүгінгі технологияның дамыған уақытында бала біліммен қатар, өзінің шығармашылық шеберлігін де шыңдай білуі қажет. Балалардың салған суреттеріне зер сала отырып, олардың ішкі ойын, өмір туралы талғамдарын, қоғамды қабылдауын түсінуге болады. «№1 Ғажайып» көркем сурет салу үйірме мектебінде балалар кезең бойынша суретті дұрыс салуға үйренеді. Енді қалыптасып келе жатқан суретке икемі бар өренді ұқыптылық пен тәртіпке баулитын бұл өнердің орны биікте. Геометриялық фигураларды салу арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Бүгінгі өткізіліп отырған байқауда, оқушылардың қабілетін арттырып, шығармашылығын шыңдауға бағытталып отыр. Байқауға қатысып отырған барша бүлдіршіндерге сәттілік тілеймін, – дейді мектеп басшысы.

Иа, айнала қоршаған ортаны бақылау арқылы күз мезгілінің көз тоймас қызықтарын, табиғаттың тамаша көріністерін бейнелеу мақсатында ұйымдастырылған сурет байқауын бейнелеу пәнінің мұғалімі Сандуғаш Асанбаева өткізді. Балалар өздерінің қиялындағы күздің әдемі келбетін қағаз бетіне ерекше бейнелеуге тырысты. Жас суретшілер қиялға бай, керемет табиғаттың кейпін өздері қалай көріп сезінсе, сол қалпында бейнелеген.

Жалпы оқушылардың белсенділігі, бейнелеу пәніне қызығушылығы жоғары деңгейде танылды. Оның ішінде Талғат Айшабибі, Данияр Мұратұлы, Абибулла Альниса, Оразбек Нұрай, Абдімүтәліп Балауса, Өтеген Ақерке сынды оқушылар үздік танылып, әділ қазылар мен ұйымдастырушылардың арнайы дипломдар мен алғыс хаттарына, қаржылай сый-сияпаттарына ие болды.

Тәуелсіз елде тәрбие алып, ерлік пен елдіктің қадірін жоғары бағалап өсіп келе жаткан азат ойлы, дарынды оқушыларымыз келешекте ел мерейін үстем етер Әбілхан Қастеевтей ұлы суретші болады деген сенімімізді нықтады.

Әсел Рзаева
27 қараша 2023 ж. 336 0