№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 20 қараша- Дүниежүзілік балалар күні.

20 қараша- Дүниежүзілік балалар күні.

Үлкен адамдар өз құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ете алады. Ал, оң-солын танып үлгермеген балалар құқығын кім қорғайды? Әрине, бұл ата-ана алдындағы абыройлы міндет. Кейде ата-аналардың өздері бала құқығының бұзылуына жол беріп жатады.

Осындай олқылықтарға жол бермеу үшін 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданып, «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау, 20 қараша дүниежүзілік балалар күні болып белгіленді. Аталған күнді атап өту үшін Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасыда белсенділік танытып келуші бүлдіршіндерге анамен бала кабинетінде қарсы алып сыйлықтар табыстады.

Иә, зайырлы мемлекеттерде адам өмірге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын заң қорғайды. Сол сияқты бала құқығына байланысты да бірнеше заңдар, шешімдер, қаулылар қабылданған. Мысалы, 1959 жылы «Бала құқығы декларациясы» қабылданып, кейіннен 1989 жылы 61 ел қол қойған «Балалар құқығы туралы конвенция» қабылданды. Бүгінде бұл конвенцияға 191 мемлекет кірген.

Конвенция дегеніміз – арнаулы мәселелер жөніндегі келісімшарт. Осы конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау, 53-баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау – біздің Отан алдындағы парызымыз.

Бүгінгі таңда республикада сәби кезден кәмелетке дейінгі жас аралығында 5 миллионға жуық бала өмір сүреді. Оның ішінде: 1 млн. 508 мыңы – мектеп жасына дейінгі балалар, 3 миллионға жуығы – мектеп жасындағы балалар. Елімізде балалармен жұмыс істейтін 9 министрлік пен ведомство, әртүрлі үкіметтік емес ұйымдар бар.

Жалпы, ата-ана өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, оны қорғауға міндетті. Әлі жасы жетпегендіктен, сондай-ақ қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды. Ата-анасының қамқорлығынан айрылған баланы тәрбиелеп, мәпелеу – мемлекеттің, қоғамның қасиетті борышы. Жетімдерге қамқор болу – кез келген халықтың қалыптасқан дәстүрі. Қалай айтқанда да, бала құқығы – бәрінен қымбат!

20 қараша 2023 ж. 256 0