» » 1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай аудан әкімінің құттықтауы

1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай аудан әкімінің құттықтауы


Қадірлі қауым!
Құрметті жас достар!

Сіздерді 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен «2022 жыл – Балалар жылы» деп жарияланған болатын. Сондықтан,

балаларымыздың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғау – мемлекет саясатының басты бағыты. Осыған сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде

кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Ауданымызда балалар үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Биылғы жазғы маусымда ауданымыздағы «Тау самалы», «Талдысу» тынығу лагерьлеріне 470 бала тегін демалады.

Сондай-ақ, ауданымыздағы «Байкен-U», «СКЗ- U», «Қызылқұм» сияқты ірі өндіріс орындарының демеушілігімен 1710 бала «Машат»,

«Адем», «Біргөлек», «ORDA» және «Саяхат» лагерьлерінде тегін демалып қайтады.

Мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер 5000 баланы жазғы демалыспен қамтитын болса,

мамыр - маусым айларында 3000 бала рухани орындар мен "Сығанақ", "Қатынқамал" сияқты тарихи орындарға саяхатқа барады.

Мұнан бөлек, биылғы жылы ауданда 10 түрлі балалар ойын алаңдары салынып, кент орталығынан соңғы үлгіде жабдықталған балалар демалыс паркін ашатын боламыз.

Бала – біздің бақытымыз, біздің болашағымыз!

«Балалар жылы» аясында балалар шығармашылығын дамыту бағытында өткізіліп жатқан мәдени - көпшілік шаралармен қатар, түрлі

деңгейде әлеуметтік қолдау шаралары да ұйымдастырылуда.

Қадірлі қауым, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Бүгінгі балалар мерекесі тағы да құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов
01 маусым 2022 ж. 413 0