№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сапалы тауар – тұтынушы игілігі

Сапалы тауар – тұтынушы игілігі

Еліміздің басты заңына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде айқындап, оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатындығы айтылған.  Осыған байланысты нарықтық қатынастарда тұтынушыны барынша қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға үнемі жүйелі түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылады. Бұл ретте уәкілетті орган заң жобасын әзірлеп, ол елдің ақпараттық алаңында белсенді талқыланып, мәжілісте қаралуда.Заң жобаларында ұсынылған түзетулер бизнестің жауапкершілігін арттыруға және халықтың – әрқайсымыздың, барлық 19 млн. қазақстандықтың тұтыну құқығын қорғауға бағытталған.

Тұтынушылардың үлес салмағы бойынша шағымдарының ең көп саны келесі салаларда байқалады:

- бөлшек сауда (48% (14,3 мың өтініш);
- тұрмыстық қызметтер (19% (4,7 мың өтініш);
- электрондық сауда (9% (2,6 мың өтініш);

Алайда, бұл фактілер тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы істердің нақты жай-күйін көрсетпейді, себебі кейбір тұтынушылар бұзылған құқықтарды қорғау үшін мемлекеттік органдар мен тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне жүгінбейді.

Ұсынылған заң жобасына сәйкес омбудсмен институтын енгізу ұсынылады.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институты тағайындалған адамға ерекше жария мәртебесін береді, ол мемлекеттік биліктің жоғарғы эшелондарында тұтынушылар қауымдастығының көзі және дауысы ретінде қызмет ете алады, қоғамның үйлестірушісі қызметін атқарады, жауапкершілік артады.

2022 жылы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша: 10 мың респонденттің ішінде 56%-ы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Омбудсмен институтын енгізу қажет деп есептейді.

Оның негізгі функциялары тұтынушылардың шағымдарын қарау, кеңес беру, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттарын үйлестіру, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы істердің жай-күйі туралы жыл сайын баяндама қалыптастыру, сотта тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау болады. Мысалы, Польша мен Германияда тұтынушылар муниципалдық және облыстық тұтынушылардың құқықтары жөніндегі уәкіл (омбудсменның) көмегін белсенді пайдаланады.
 
25 желтоқсан 2023 ж. 314 0