№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылшамен күрес тоқтамайды

Қызылшамен күрес тоқтамайды

Ауданда қызылша ауруы өршіп тұр. Қызылша, бұл – жұқпалы ауру. Ересектерде қиын, ал балаларда оңай өтеді дейді мамандар. Аудандық емхананың бас балалар дәрігері Ұлжан Үрінбаевамен тілдесіп, аудандағы ахуалға тоқталған едік.

– Қазіргі уақытта ауданда ғана емес, елімізде қызылша дерті ушығып тұр. Біздің ауданда қызылшамен ауырып жатқан балалар өте көп. Күн сайын емханада штаб отырыс болып жатыр. Күнделікті бақылау жұмыстарын жасап, білім бөлімі арқылы мектеп­тер мен балабақшаларға түсіндірме жұмыстары жүріп жатыр. Өйткені, қызылша – жылдам таралатын жұқ­палы ауру. Бұл дертке шалдыққан науқас болған үй-жайдың ауасымен тыныс алу – аурудың жұғуына әкелуі мүмкін. Алдын алу шарасы ретін­де бөлмені жиі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын жасаған жөн. Науқас адамды оқшау ұстап, халық көп шоғырланған орындарда маска киіп жүруге кеңес береміз. Өйткені, ол ауа арқылы кеңінен таралатын жедел вирусты жұқпалы ауру есепте­леді. Оның белгілері: дене қызуы­ның көтерілуі, мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынуы, ауыз қуысындағы өзгерістер, теріде бөртпелердің пайда болуы. Екіншіден, аурудың таралуы қызылшаға қарсы екпе алмағаннан болады. Сондық­тан да вирустан сенімді қорғанудың бірден бір жолы қызылшаға қарсы вакцинация. Незігі қызылшаға қарсы вакцина 1 жасар бала мен 6 жасар балаларға салынады. Ауданда бір жасар 1456 балаға салу жоспарланса, 1380 балаға салынды. Алты жас 1330 балаға салу жоспарланса, 1637 балаға салынып тұр. Негізі ата-ана екпеден бас тартуға болмайды. Екпе алмаған бала өте ауыр түрде ауырады. Оның үстіне, денсаулық паспорты зерттелгенде балаға ем тағайын­дау немесе портал дайындайтын жағдайда, ЖОО-на оқуға түсетін кезде қызылшаға қарсы екпе алмаған болса, құжаттары қабылданбайды.
– Қызылшаның белгілері қан­дай?
– Инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. Жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созы­лады. Есте сақтайтын ең маңызды жайт, ауру бөртпе шығудан бастал­майды, ол салқын тию белгілері­мен басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тамаққа тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі, кейініректе конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы мүмкін. Шамамен бірінші белгілердің шыққанынан 21 күннен кейін беттің шырышты қабығында және ауыз қуысында ұсақ ақ дақтар пайда болады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақ­тар пайда болады. Қызылша кезінде кейіннен бір-біріне бірігетін қызғылт дақ түрінде бөртпелер шығады. 1-ші күні бөртпе құлақтың артына, бетіне және мойынға, кеуденің жоғарғы бөлігіне шығады. 2-ші күні бөрт­пе денеге және қолдың жоғарғы бөлігіне шығады, 3-ші тәулікте бөртпелер аяққа, екі қол алақанына және табандарына шығады. Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40,5°С- қа қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады. Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады, олар 2 аптадан кейін кетіп, тері қайта таза болады.
– Ата-аналарға қандай кеңес айтасыз?
Қызылшаның дамуын байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қара­лу керек. Асқынбай тұрғандағы қызылшаның белгілерін емдеу үшін төсектік режим, суды көп ішу, дене қызуын түсіретін, тұмау және тамақ ауруын, қақырықты түсіретін препа­раттар мен витаминдерді қабылдау қажет. Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қызылшаға қарсы егу арқылывирусты жасанды жол­мен тоқтатады, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Кейбір балаларда егуден кейін 6 күннен 20 күнге дейін дене қызуы көтеріліп, кейде конъюктивиттің және бөртпелердің пайда болуы мүмкін және ол қауіпті емес.Бұл белгілер 2-3 күнге дейін сақталады, содан кейін бәрі жақсы болады. Бірақ сонда да егуден кейін қандай да бір қабыну болса, міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады. Егу 15 жасқа дейін өте сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
– Алдын алу жолдары қандай?
– Қызылшаның алдын алу – бұл вакцинация. Бір жастан кейінгі балаларға ұсынылады. Балалық шағында ауырған бала есейгенде қызылшаны жұқтырмайды. Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстаған жөн. Әсіресе, тамаққа жарымаудан болатын аурумен ауыратын, туберкулезбен немесе бойға сіңіп кеткен басқадай аурумен ауыратын балаларды сақтандыру керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар үйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары, егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы тұра алуы үшін иммунитеті мықты болуы керек. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек. Сондықтанда қызылшаға қарсы екпе егу бұл аурудың жеңіл өтуінің бірден бір жолы.

Әсел Рзаева

31 қазан 2023 ж. 492 0