№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылша шырыны 7 түрлі ауруға ем

Қызылша шырыны 7 түрлі ауруға ем

Мына ЖЕТІ ауру мазалағанда ҚЫЗЫЛША шырынын ішіңіз. Қызылша шырынының емдік қасиеті орасан. Ал дайындау 5-ақ минутты қажет етеді. Нәтижесінде тұла-бойыңызды билеген аурудан әп-сәтте айығасыз...
Көкөністердің арасында қызыл түсімен ерекшеленетін кәдімгі қызылшаның емдік қасиеті орасан деседі. Тіпті оның кереметтілігі жайында Гиппократтың өзі айтып кеткен екен. Қызылша жемісін шикідей де, пірісіп те жеуге болады. Ал шырыны бір емес бірнеше дертке дауа. Мұны дәрігерлер де, бүгінгінің ғалымдары да жоққа шығара алмайды. Сонымен қызылша шырынының нақты қандай ауруларға шипа болатыны туралы төменде толық жазылған. Назар аударыңыз...
АНГИНАНЫ ЕМДЕЙДІ
Тамақ ауруларының кез келген түріне қызылша шырыны ем болады. Ішсеңіз ағзаға, ішекке, бауыр-бүйрекке, несеп жолдарына ем. Тамақ ауырып, жөтел асқынғанда еш ойланбай қызылша шырынымен тамағыңызды жаясыз. Ал мұрын бітеліп, гайморит мазалағанда қызылша шырынынан 5-6 тамшы тамызасыз. Бұл ем 3 рет қабылдаған соң-ақ керемет нәтиже береді. Ал баспаны емдеу үшін 1 дана шикі қызылшаны қабығынан тазартып, үккіштен өткізесіз. 1 стақан езілген қызылшаға 1 ас қасық алма сірке суын араластырып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 30-40 минуттан соң тұнбаны қабатталған дәкенің көмегімен сығып алыңыз. Дайын болған шырынның 1 ас қасығын ішіп, қалғанымен тамағыңызды шайыңыз.
ҚАНДЫ КӨБЕЙТЕДІ
Қаназдық кезінде де ең керемет ем болатын қызылша шырыны екенін ұмытпаңыз. Қанды көбейту үшін 1 стақан қызылша шырыны мен 1 ас қасық табиғи таза балды араластырып, күніне 3-4 рет қабылдайсыз. Егер қызылшаға сәбіз бен қара тұрыптың шырынын араластырып ішсеңіз, онда қаныңыз көбейіп, теріңіз тегістеліп, бетіңіз жылтырап шыға келеді әрі қуатыңыз да артады.
МИДЫ ЖАСАРТАДЫ
Жас ұлғайған сайын адамның миы шаршап, өзінің жұмысын қалыпты жүргізе алмайды екен. Осы кезде есте сақтау қабілетінің нашарлауы, ұмытшақтық секілді жайсыздықтар пайда болады. Ал мұның алдын алғыңыз келсе қызылша шырынының көмегіне жүгініңіз. Егер күніне 1 стақан балғын дайындалған қызылша шырынын ішсеңіз, онда ми жасарып, жұмысы жақсарады. Әсіресе, қан қысымы тұрақсыз жандарға таптырмайтын ем көрінеді. 1 стақан қызылша шырыны қан қысымын қалыпты ұстап, көңіл-күйді көтереді. Егер біз ұсынған емді үзбей қабылдасаңыз, оң нәтижесін 6 айдың ішінде анық байқайсыз.
БАУЫРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕҢІЛДЕТЕДІ
Егер күніне 3 рет қызылша шырынын ішсеңіз бауыр ауруынан біржолата құтыласыз. Ал қалай ішу керектігіне назарыңызды салыңыз. Ем үшін күніне 1/3 стақан қызылша шырынын ішесіз. Оған қоса 100 гр. шикі қызылшаны үккіштен өткізіп жейсіз. Қызылшаның құрамындағы бетаин заты бауырдың жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар өт жолдарына, асқазан ауруларына және сары ауруға керемет ем болады. . БҰЛШЫҚЕТТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ
Қызылша шырыны бұлшықеттің ауруын басады әрі қатайтады. Спортпен айналысатындарға күніне кем дегенде 200 гр. балғын қызылша шырынын ішуге кеңес береміз. Физикалық жаттығу, үздіксіз қозғалыс, ауыр зат бұлшықетке салмақ салады. Ал оны қайта қалпына келтіретін бірден бір ем – қызылша шырыны.
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ Егер сізде онкологиялық аурулардың белгілері біліні бастаса, дереу қызылша шырынын ем ретінде қабылдауды әдетке айналдырыңыз. 7 күн үзбей ішіп, қайта тексеруден өтіңіз. Міне, ғажап. Өз көзіңізге өзіңіз сенбейсіз. Өйткені қызылша шырыны сіздегі онкологиялық клеткаларды қалпына келтіріп, аурудың алдын алды.
ШЛАКТАН ТАЗАЛАЙДЫ
Қызылша шырынының көмегімен ағзаны улы заттардан, шлактан тазалауға болады. Ол үшін ашқарынға 1-2 ас қасық қызылша шырынын ем ретінде қабылдаңыз. Арада 3 күн өтісімен-ақ кіші дәретіңіздің түсі өзгеріп, бауыр мен ішектің жұмысы жақсарады. Нәтижесінде теріңіз жасарып, ағзаңыз шлактан тазарады.

Дайындаған Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
16 ақпан 2020 ж. 1 596 0