№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ойыншығың қандай, құлыншақ!

Ойыншығың қандай, құлыншақ!


Балаларға арналған ойыншықтар қауіпсіз ба, оларды улыдан қалай ажыратамыз, ағзаға қауіпті химиялық заттарды қалай аңғарамыз, сапалы ойыншықты қалай таңдаймыз.


Отандық тауар өндірушілердің сапалы ойыншық шығаруға құ­лықтары жоқ па, әлде шамасы келмей ме біз­ге беймәлім. Дей тұрғаны­мен, бірен-саран отандық тауарлар сапасы жа­ғынан шетелден асып түсе бастады. Айталық, белгілі әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов ұлттық нақыштағы ойыншықтарын шығарып жатыр, оның бір парасын көзімізбен көріп те жүрміз. Енді, сәбилеріміз қытайлық акценттегі емес, таза мемлекеттік тілде сөйлей­тін қуыршақтармен ойнайтын бол­ды. Тіпті, амандасып, қысқа сөз қайырып, мемлекеттік тілде ән салады. Алдағы уақытта, осындай ойыншықтар көптеп шығарылып, өз­ге елдің тауарларына балаларымыз телмірмесе нұр үстіне нұр. Өйткені, қарапайым халық жиі баратын базарда не көп, жылтыраған, дыбыс шығаратыны, қимыл жасайтыны, билейтіні, күлетіні дейсіз бе, әйтеу­ір, неше түрлі қытайдың ойыншық­та­ры жетерлік. Соған қарамастан, олар­дың бағалары да қолжетімді. Мұндай ойыншықтарды ата-аналар балаларын қуанту үшін әпереді.
Осы мәселелерді қолға алып, сырттан келетін ойыншықтың сапа­сына тиісті орындар айрықша көңіл бөлуі қажет. Тіпті бұл – қатаң қада­ғаланатын мәселе. Өйткені ойыншық – ұлттық қауіпсіздіктің басты белгі­сі. Бұл тұрғыдан жеңіл-желпі қа­рауға болмайды. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілеті артады, сол арқылы өмірге бейімделеді. Сондық­тан ұлт боламын деген, ұрпағын ой­лаған ел балалар ойыншығына, әсі­ресе, сырттан әкелінетін ойыншық­тың сапасына, зиянсыздығына ерек­ше көң­іл бөлуге, қатердің алдын алуға мін­детті. Қазақтың баласы тамырынан қол үзіп қалмасын десек, ұлттық на­қыштағы, бүлдіршіндер­ді қызықтыра білетін, бір көрген­де елітіп әкететін ойыншықтарды, мульт­фильмдерді тү­сі­ру керек-ақ. Өскелең ұрпақтың қо­ғамның толық­қанды, парасатты тұлға болып қа­лыптасуына оның қолындағы ойын­шықтары мен көгілдір экранның тигізетін әсері мол.
– Аудандық санитариялық эпиде­мио­­логиялық бақылау басқар­ма­сының бас­шысы Шынар Айдарова :
– Балалар үшін ойыншықтардың маңызы зор. Бізде қарапайым ха­лық ойыншықтың сапасына назар аудар­майды. Ойыншықтардың бар­лығы дер­лік Қытайда өндірілген. Тұтынушы­лар ойыншықты сатып аларда оның сапасына, бояуына, зат таңбасының болуын қадаға­лаң­ыз. Мысалы, кейбір ойыншықтар­ды қолға ұстағанда бояуы қолға жағылып кетеді. Бұл аса зиянды. Ойыншықтардың жарқын түстілеріне жақындамаңыздар. Әсіресе жасыл, ақ, қызыл түстерінде табиғи ешнәрсе жоқ тек қана жасанды. Олардың құрамында химиялық формальде­гид, фенол сынды қоспалар бар. Ол қоспалар ойыншықтың құрамын­да 30 пайыздан аспау керек. Бала тіршілігінде де, тәрбие процесінде де ойыншықтардың маңызы өте зор. Ойыншықтар арқылы өзін қоршаған ортамен танысады, баланың көңіл-күйі көтеріледі. Ойыншықтарды тәр­биелік құрал ретінде пайдала­ну балалардың жас ерешеліктеріне негізделеді. Бала­лар ойыны мен ойыншықтарына олар­дың сапасы мен қауіпсіздігін қамтама­сыз ете­тін бірқатар талаптар қойыла­ды, өйткені ойыншық оны қолданған кезде баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтіндей бо­лып жасалуы қажет. Қазақстанда балалар ойындары мен ойыншық­тарының сапасы мен қауіпсіздігі Кедендік одақ Комиссия­сымен бе­кі­­тілген «Ойыншықтар қау­іпсіз­ді­гі туралы» Кедендік одақтың тех­никалық регламентімен реттеледі. Ойыншықтардың тұтыну орама­сын­да немесе жапсармасында қандай жастағы балаларға арналғаны туралы көрсетілуі керек, мысалы: бір жасқа дейінгі; 1 жастан 3 жасқа дейінгі; 3 жастан 6 жасқа дейінгі; 6 жастан жоғары; сонымен қатар мұнда ойын мен ойыншықты өңдеу­дің (жуып-тазалау, залалсыздандыру) ережесі жазылуы керек.
Бір жасқа дейінгі балаларға арнал­ған ойыншықтар олардың көру, есту жағдайларын, дыбыс реакцияларын, де­не тұлғасын өзгертуге арналған қи­мыл-қозғалыстарын (отыру, тұ­ру, қол­дарымен бір нәрсені қармап ұстау) дамытуға арналады. Бір жас­тағы бала­лар үшін ең көптаралған ойыншық­тар полимерден жасалған дөңгелектер, әртүрлі шылдырмақтар болып табылады. Бір жастың соңына қарай қуыршақтар, аңдар, машина, ойыншық әткеншек­тер қолданыла бастайды. Кез келген тауардың зат таңбасында оның атауы, өндірушісі, мекен-жайы, шыққан күні мен сақтау мерзімі көрсетілуі қажет. Қаптама техникалық регламентке сай болған жағдайда ғана сатып алуға кеңес беремін. Сондай-ақ тұтынушы сәй­кестік сертификатын сұрағаны аб­зал. Ол сапасы мен қауіпсіздігін рас­­тай­тын құжат. Өткір иіс болса, хи­миялық қосындысы барын бірден аңғаруға болады. Ойыншықтың бетін салфеткамен сүртсе, түсі кетіп қала­тын ойыншықтардан аулақ болу керек. Ондай ойыншықтардың сапасыз екені, баланың денсаулығына зиян екені анық. Бірақ, оның бала денсаулығына қалай әсер ететін ешкім болжап айта алмайды. Аллергия шығуы, улануы мүмкін, – дейді маман.
Демек ойыншықтарды бала психо­логиясына әсеріне ешкім бас ауыртып жатқан жоқ. Осы орайда, психолог маман Аида Айнақожаевадан сұраған едік.
– Бала психикасына теріс әсерін білдірмей, ақырындап тигізетін, оның салдарлары қазір емес, адам үлкен азамат болып өскеннен кейін көріне­тін ойыншықтар бар. Оны ата-ана­лар дұрыс түсіне алмайды. Бала сол ойыншықты таңдап жатқан­да, тіпті, ата-ана сұрамайды. «Сен неге бұл ойыншықты алғын келіп тұр? Себеп не? Бұл ойыншық неге саған тартынып тұр? Неге басқасын таңдамай тұрсын? Осының себебін айтшы» – деп ата-аналар сұрамайды ғой. Егер ойын­шық баланың жас ерекшелігіне сай таңдалса баланың дамуына әсер ете­ді. Ойыншық – баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі. Баланың өмір­ді та­нуы, айналамен қарым-қатына­сы, пси­холо­гиялық ерекшеліктері ойын ар­қылы қалыптасып дамиды. Өйтке­ні ойыншық арқылы бала қорша­ған орта­ны зерттейді. Ойыншықта­ры арқылы өз сезімін білдіріп, іс-әре­кет­терін үйлес­тіру қабілетін қалыптастырады, – дейді психолог маман.
Әр отбасының бақыты – бала­лар үшін ойыншықтардың маңызы зор. Ойыншықтар балдырғандар­дың дү­ние­танымын қалыптасты­рып, қабі­ле­тін шыңдауға көмекте­седі. Десек те, кей уақытта сол ойыншықтардың бүлдір­шіндерге ке­сірін тигізетін сәттері де кездесіп жа­татын көргенде, көңіл құла­зиды. Жас ұрпақтың келешегіне алаң­дайтын кез келген мемлекет мұн­дай жағдайға бейжай қарамайты­ны сөзсіз. Байқағанымыздай, көз­дің жауын алатын ойыншықтар­дың басым бөлігі – шетелдік тауарлар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне, әрі кетсе асқазан-ішек жолдарына кері әсер етеді. Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады, сондық­тан ойыншық сатып аларда аса ұқыптылықпен қарағаныңыз абзал. Сақ болыңыз, бүгінгі ұрпақ ертеңгі болашағыңыз!

Әсел РЗАЕВА
27 желтоқсан 2023 ж. 546 0