№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жеңілдетілген несие – жастарға мүмкіндік

Жеңілдетілген несие – жастарға мүмкіндік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз шағын несие берілетінін айтқан болатын. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатындағы несиені беру үшін биылға 1 млрд 285 млн теңге қаржы қаралған. Пайыздық мөлшерлемесі өте төмен несиені жыл басынан бері 257 адам алған.


Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаевтың айтуынша, біздің аймақ қаржыны игеруде республика бойынша ең ірі  Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысынан кейін өңірлер арасында алдыңғы орында тұр.

– Аталған қаржы мамыр-шілде айлары аралығында  толық игерілді. Кәсіп бастауға ниетті жастардың сұранысына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен 200 үміткерге тағы 1 млрд теңге қосымша қаржы бөлінді. Нақты кезеңде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалы арқылы жеңілдетілген несие берілуде, – дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 275 жас кәсіпкер 1 млрд 262 млн теңге көлемінде бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның оң қорытындысын алып, құжаттары «Аграрлық несие корпорациясы» филиалына жолданған.

Айта кетейік, ережеге сәйкес бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Егер үміткер жеке кәсіпкер болса, кәсібінің тіркелген уақыты 5 жылға дейін болуы тиіс. Жастар несие алу үшін тиісті құжаттарын несиелендірудің сенімді өкілі ретінде танылған «Аграрлық несие корпорациясы» облыстық филиалына тапсырады.

Микрокредит мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жыл. Несиенің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін.  Сондай-ақ, несие кепілдікпен қамтылуы керек. Кепілге жылжитын және жылжымайтын мүлік жарайды. Ал негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Бастысы, несие беру алдағы жылы да жалғасады.

«СБ» ақпарат

05 қараша 2023 ж. 260 0