№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар жұмыссыз қалмауы керек

Жастар жұмыссыз қалмауы керек



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселесіне басымдық беріп келеді. Әсіресе, жұмыссыздыққа байланысты мемлекет тарапынан қолдау шаралары жетерлік. Оның ішінде, кәсіпкерлік саласына аса назар аударылып, гранттар, жеңілдетілген несие және өзге де салаларға серпін берілуде. Бүгін Үкіметтің кейтілген отырысында Президент жастарға қатысты тағы да мәселе көтерді.

Қазіргі таңда жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жастар шығады. Елімізде өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалып жатыр. Бірақ, нақты шараларға қарамастан, жастарды жұмыспен қамту мәселесі толық шешілмей келеді. Кейбір аймақта жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі еліміздегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Үкімет және облыс әкімдері осы мәселеге айрықша назар аударуға тиіс. Жыл аяқталғанда тиісті қорытындысын шығарамыз, деп нақты міндет-межені айқындады.

Түсінгеніміз келешекте жастардың жұмыссыз қалмауына барынша мемлекет мүмкіндік жасауы керек. Әйтпесе, қазір жастардың дені өзге өңір емес, өзге елдерге нәпақа табу үшін жалданып жатқаны ақиқат. Енді кешенді шаралар кезек күттірмей шешімін тауып, жүзеге асса, оны жастар жағы тиімді пайдалана алса бұл тақырыпқа да шектеу қойылады. Бір қателесетін тұсымыз, мемлекет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз қаржы мен несиені дұрыс пайдалана алмай жатырмыз. Барлығы алдағы уақыттың көшінде...

Наурызбай ОРЫНБАСАРОВ,
Жаңақорған жастар 
ресурстық
орталығының директоры
14 шілде 2022 ж. 278 0