№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғылымсыз өркендеу болмайды

Ғылымсыз өркендеу болмайды

Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауын зор ықыласпен тыңдайтын жұртшылықтың қатарында еңбек адамдары келешекке айқын бағдар ұстанып, жоспар түзіп, кәдімгідей серпіліп қалатынымыз жасырын емес.


Ауылда туып, бүкіл жастығымды, алған білімімді аграрлы саланың дамуына арнап, ғылыми ізденістерімнің нәтижесін көріп келе жатқан ғалым ретінде айтар болсам, Жолдауда агроғылымды дамыту мәселесіне басымдық берілуі көңілімізге қуаныш ұялатып отыр. Агротехнологияны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін ғылыми ізденісте жүрген жеке тұлғалардың ғылыми-технологиялық бастамаларын қолдау маңызды. Жергілікті жердің табиғи ахуалын, топырақтың құнары мен құрамын жер иесі жақсы білуі керек.

Мемлекет басшысының «Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақылды егу түрін шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптар шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн» деген талабы өзекті.

Бәріміздің есімізде болатын бір нәрсе, табиғат – құдырет, оның бермесін тартып аламын деу қателік. Кешеге дейін кеңестік жүйеде Мичуриннің «Біз табиғаттан рақым күтіп отыра алмаймыз, оны одан алу біздің міндетіміз» деген ұранының түбі шикілікке ұрындырып, Жер-Ананы гүлдентіп емес, тоздырып жіберуге шақ қалғанын да мойындауға тиіспіз. Соңғы кезде қабылданып жатқан реформалар осы олқылықтың орнын толтырады. Жергілікті жер жағдайында күріш өнімінен үзілдікесілді бас тарту тиімсіз, өйткені ауыл шаруашылық жерлерін тұзданып кетуден сақтауда күріш егілуі керек, бірақ есепсіз, әркім өз білгенімен емес, ешкімге зиян тимейтіндей, агротехникалық ережелерді сақтай отырып көлемін шектеуге тура келеді.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауынан жаңаша көзқарастағы ғылымға жанашырлықты көріп, көп жұмыстарымызды жүйелеуге мүмкіндік алған жағдайымыз бар. Осы бағытта өркенді өзгерістерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз.

Керімхан Егізбаев, «Orda» Агротехнология» ЖШС директоры
04 қыркүйек 2023 ж. 242 0