№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жоба жеңімпазы анықталды

Жоба жеңімпазы анықталды

Елімізде жастар кәсіпкерлігін дамытудың түрлі тетігі бар. Экономикамыздың негізгі драйвері саналатын кәсіптің негізгі бөлігін құрайтын жастар ісінің кедергісіз дамуының маңыздылығы жоғары. Міне, мемлекеттік тұрғыда қарқынды қолдауға ие кәсіпкерлік жергілікті жерлерде де түрлі жобалар арқылы дамып келеді. Соның бір көрінісі Жаңақорған ауданда өткен жастар жобаларының байқауы деуге негіз бар.


  Жаңақорған ауданы қоғамдық даму бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен, «Қызылорда облысының жастар одақтары» ҚБ ұйымдастыруымен жастар арасында перспективалық және инновациялық жобалар байқауы өтті. Байқауда «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Жаңақорған аудандық филиалының басшысы Асылжан Жолдасбеков, «QFC» фаст-фуд желісінің негізін қалаушы Қадыржан Қыдырбаев, Жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров әділ қазылық етіп, жобалар ішінен келесідей жеңімпаздарды анықтады.

Жоба қортындысында бірініші орын Медет Еркебұланның «Әшекей бұйымдар жасау» жобасы лайық деп танылды. Үздік талапкерге қаржылай 70 000 теңге көлемінде сертификаты табысталды «Әйелдерді дамыту орталығы» жобасының иесі Назым Садакбаева екінші орыннан көрініп, 50 000 теңгенің сертификаты ұсынылды. Ал, үшінші орынды Марсәлі Ұланбек «3D декор өндірісі» жобасы арқылы жеңіп алып, оған 15 000 теңгенің сертификаты бұйырды. Сондай-ақ, үшінші орынға Гулнур Тлеубергенова ның «Балаларға арналған массаж орталығы» жобасы лайық саналып, 15 000 теңгенің сертификаты берілді.

Жоба жеңімпазы Медет Медеуұлы:
– Қоғам өміріне зер сала қарасақ, жастардың игермеген мамандығы жоқ секілді. Жаңа технологияны меңгеріп, елдің дамуына үлес қосып жүрген жерлестер жетерлік. Бізде шағын кәсіппен-ақ, толағай табысқа жеткен замандастарымыз бар. Оларға қарап отырып, өзіміздің идеямызды құрып, оны жүзеге асырып, келешекке қадам жасап жүрміз. Міне, соның бір көрінісі бүгінгі жобамда көрсетілді, –деді ол.

Түйін. Президентіміз жастардың шағын кәсіпкерлігін қолдауды уақыт сайын жаңартып, жаңғыртып келеді. Дамыған отыз елдің көшіне ілесуде жастардың ісіне, саясатына, кәсіпкерлігіне иек артуымыз негізгі мақстаы да осы. «Жанам деген жастарға» қай салада болмасын ілгерілеуге мүмкіндік мол. Біз мұны ауданымызда өткен жастар арасындағы перспективалық және инновациялық жобалар байқауынан анық сезіндік.

Мақпал ПАТЕНОВА
28 тамыз 2023 ж. 162 0