№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өртке сақтық тән

Өртке сақтық тән

Күз маусымында шөп жинау науқаны қарқынды жүреді. Бұл күрделі кезең де өтер, дегенмен басты талап өрт қауіпсіздігін сақтау маңызды. Атқарылып жатқан жұмыс кезінде ыстық, құрғақ және желді ауа райы, көп санды ауыл шаруашылық техникалары, жанар-жағар май материалдары өртке қауіпті жағдайды тудыруда.

Малға күрделі жем-шөп жинау үшін тек ауыл тұрғындары емес, сонымен бірге көптеген адамдар жаз бен күз мезгілдерінде қол үзбей жұмыс жасайды. Ұзақ уақыт атқарған жұмыстың нәтижесі санаулы минуттарда өртеніп, жойылып кетуі өзекті өртейтіні рас.
Сондықтан сақтық шараларына барынша көңіл бөлгеніміз жөн. Өрт жем жинайтын арнайы техникалар, тракторлар, автокөліктер және өзі жүретін шассилерге жанармай құю ережелерінің бұзылуынан туындауы мүмкін. Төгілген май, бензин, керосин, және тағы басқа жеңіл тұтанушы және жанғыш сұйықтықтар маңызды қауіпті төндіреді. Дала және жемшөп жинау орындарында болатын өрттердің себептері: азаматтардың белгіленбеген орында темекі шегіуі, оталдыру жүйесінде, ауыл агрегаттарының пайдаланылған кернейіндегі ұшқындардан, оларда жарамды ұшқын сөндіргіштің болмауы, агрегаттарда жиналып қалған астық сабақтарының үйкелуінен орын алады.

Өрттің алдын-алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз: Тұрғын үй учаскелерінде шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орналасуы қажет.

Сондай-ақ, мал азығын, әсіресе шөптерді қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарының маңына, электр жеткізу желілерінің астына жинауға мүлдем болмайды. Көбіне тұрғындар мал қораның шатырына жинайды, жасыратыны жоқ, бірақ ол өте қауіпті екені белгілі. Учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта, көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларын, сабан және басқа да ірі жем-шөпті орналастыруға жол берілмейді. Ірі жем-шөптерді тасымалдау пайдаланылған құбырлары радиатордың астынан шығарылған, ұшқын өшіргіштермен және қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталған арнайы көлік құралдарында жүзеге асырылады. Ірі жем-шөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп орындалады. Отты пайдалануда ойланбай істейтін әрекеттерге жол бермеңіздер! Өрт немесе жану оқиғасына немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефон нөміріне хабарлау қажеттігін ескертеміз.

Жаңақорған ауданының ТЖБ қызметкерлері
25 қазан 2023 ж. 152 0