№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өртке – сақтық тән

Өртке – сақтық тән


Жаз басталысымен шөп жинау науқаны қарқынды жүреді, оның үстіне биылғы тау беткейдегі қуаңшылық салдарынан жастар жұмылып мал азығын жинауға жұмылуда. Бұл күрделі кезең де өтер, дегенмен басты талап өрт қауіпсіздігін сақтау маңызды. Атқарылып жатқан жұмыс кезінде ыстық, құрғақ және желді ауа райы, көп санды ауыл шаруашылық техникалары, жанар-жағар май материалдары өрт қауіпті жағдайды тудыруда. Малға күрделі жем-шөп жинау үшін, тек ауыл тұрғындары емес, сонымен бірге көптеген адамдар жаз бен күз мезгілдерінде қол үзбей жұмыс жасайды. Ұзақ уақыт атқарған жұмыстың нәтижесі санаулы минуттарда өртеніп, жойылып кетуі өзекті өртейтін рас. Сондықтан сақтық шараларына барынша көңіл бөлгеніміз жөн.


Өрт жем жинайтын арнайы техникалар, тракторлар, автокөліктер және өзі жүретін шассилерге жанармай құю ережелерінің бұзылуынан туындауы мүмкін. Төгілген май, бензин, керосин және тағы басқа жеңіл тұтанушы және жанғыш сұйықтықтар маңызды қауіпті төндіреді. Дала және жем шөп жинау орындарында болатын өрттердің себептері – оталдыру жүйесінде, ауыл агрегаттарының пайдаланылған кернейіндегі ұшқындардан, оларда жарамды ұшқын сөндіргіштің болмауы, агрегаттарда жиналып қалған астық сабақтарының үйкелуінен туады.
Өрттің алдын-алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында маңызды ережелерді есте сақтаған дұрыс. Мәселен, тұрғын үйлерде учаскелерде шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады. Ең бастысы, осы мәселені назарда ұстауға тиістіміз. Өйткені, шөп қора көбіне үй ауласында болғаннан соң өрт оқиғасы орын алып жатады. Салдарынан тұрғын үйге зиян келеді. Бұл жыл сайынғы статистика.
Тағы айта кететіні, мал азығын, әсіресе шөптерді қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарының маңына, электр жеткізу желілерінің астына жинауға мүлдем болайды. Көбіне тұрғындар мал қораның шатырына жинайды, жасыратыны жоқ, бірақ ол өте қауіпті екені белгілі. Учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта, көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларын, сабан және басқа да ірі жем-шөпті орналастыруға жол берілмейді. Ірі жем-шөптерді тасымалдау пайдаланылған құбырлары радиатордың астынан шығарылған, ұшқын өшіргіштермен және қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталған арнайы көлік құралдарында жүзеге асырылады. Ірі жем-шөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп орындалады.
Былтыр аудан бойынша 10 бау қамыс, 3 тіркеме шөп және 12230 бума шөп өртке оранды. Биыл өрт оқиғасынан аманбыз, аман екенбіз деп жайбарақат отыруға болмайды. Қазір аптап ыстық оттықтың ұшы тисе болды, барлық аймақ өртке оранатыны белгілі. Сондықтан тілсіз жау саналатын от пен судан мейлінше сақ болғанымыз абзал. Су демекші, биыл суға кетіп, бақилық болған жеті бірдей жаңақорғандық тіркелді. Олардың бесеуі жасөспірім, сондықтан мейлінше сақ болайық, ағайын!
Отты пайдалануда ойланбай істейтін әрекеттерге жол бермеңіздер. Егер өрт немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефон нөмірі арқылы хабарлассаңыз болады.

Өскен МҮБАРАК
14 шілде 2021 ж. 434 0