№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ерлі-зайып екі айырылды. Неге?

Ерлі-зайып екі айырылды. Неге?


Заман дамып, өзгерген сайын адамдардың, жалпы қоғамның көзқарасы мен құндылықтарға деген қарым-қатынасы өзгерген секілді. Сөзіміздің дәлелі, бүгінгі уақытта жастар да, жасамыстар да ажырасып жатыр. Қазақ халқы үшін кезінде сүйекке таңба саналатын отбасының ажырасу жағдайлары бүгінде әдетке айналып кетті. Ата-бабаларымыз «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп бекер айтпаса керек. Отбасын құру өткінші сезімге бой алдыру емес, ол үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Бір қынжыларлығы, бүгін үйленіп, ертең ажырасып жататын жағдайға көзіміз үйреніп, көңіліміз түршікпейтін болды.


Ата-баба дәстүрінде ажырасу деген болып па еді? «Қайтып келген қыз жаман» деп, теріс әдеттен тыйған, әулет, ру, ел болып ортаға салып, пәтуаға келтіріп отырған.
Әулет үлкендері бүгінде бірінің ісіне бірі араласып ақыл айта қалса айыпты болып қалады. Қыздың бетімен кетуіне де ата-ана кінәлі. Сәл нәрсеге ренжісіп қалса болғаны, ата-анасы басалқы болудың орнына «үйге кел, ішіме сыйған сыртыма да сияды» деп құлағын көтеріп тастайды. Шаңырақ көтермес бұрын, екі жас бір-бірін әбден танып, қыр-сырын біліп, ертеңгі күні жақсы отбасы бола аламыз-ау деген жағдайда ғана бас қосу керек.
Табиғаты екі бөлек еркек пен әйел бір-бірін түсінуі керек. Еркек мықты болғанымен әлсіз тұсы көп. Осындайда әйел адам оған күш беріп, қолдап отыруы керек. Ал, әйелдердің сұлулыққа құмарлығы, нәзіктігі, әдемілігі өзіне үнемі назар аудару керектігін қажет етеді, бұл жаратылыстан дарыған қасиет. Осындай тұста ер адамдарымыз әйелдерді де бағалап отырса дұрыс болады. Бірақ, мұндай жағдайлар керісінше болып жатады, бір-бірін түсінгісі келмейді, өзімшілдік басым.
Атақты жазушы, психолог Дос­таевский өзінің қанатты сөздерінде үйленетін адамдар бір-біріне бейімделіп, оларға шаңырақ құру үшін үлкен төзімділік, сабырлылық керек екенін айтып кеткен. Шын мәнінде, бір-бірінің кемшілігін беттеріне айтып, салғыласып жататын отбасылардың түтіні түзу шықпасы анық.
Сенесіздер ме, еліміз ажырасу дең­гейі бойынша әлемде 10-орында тұр. 2021 жылы елімізде 917 мыңға жуық жұп некеге тұрса, жыл аяғына дейін ажырасу деңгейі 9,2 пайызға жеткен, яғни 45200 жұп ажырасқан. Ал 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында 15 мың неке тіркелген. Статистика елімізде некеге тіркелгендердің санынан неке бұзушылардың басым екенін көрсетіп тұр. Оның бірден-бір себебі – баспана­ның жоқтығы, әлеуметтік жағдайдың төмендігі де мәселені күрделендіре түсуде. Ал енді осыған дейінгі дерекке сүйенсек, көбіне тума-туыстардың, бауырларының араласуы жұбайлар ортасына жік салып, ажырасуға себеп болады екен. Тарқатып айтсақ, 61 пайыз – туыстарының араласуы; 36 пайыз – отбасылық құндылықтардың дағдарысы; 28 пайыз – эгоизм; 28 пайыз – әлеуметтік желілердің ықпалы. Ал жұбайлардың ажырасуына себеп болатын материалдық жағдай тек 1 пайызды ғана көрсетіп отыр. Психологтардың бұл зерттеуімен заңгерлер келісе қоймайды. Өйткені күнделікті тәжірибеден көріп жүргендей, алдарына келген жұптың ажырасуына ең бірінші себеп – тұрмыстың қиындығы, жалақының аздығы, жұмыссыздық.
Осы тұста, Жаңақорған аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Бибайым Нәлібаевамен тілдесіп, нақты ақпаратты білуге тырыстық.
– Ауданда ажырасу деңгейі жоғары. Жыл басынан бері 73 іс некені бұзу туралы түсті. Оның 46 неке бұзылып, ажырасқан. Ал, 19 неке медиацияның әсерімен татуласып, некелерін сақтап қалды. Жастардың көбісі некеге тұрмай біраз уақыт бойы бірге өмір сүріп, кейін ажырасып кетіп жатады. Осындай отбасы мүшелері дүние-мүлік дауымен шағымданып жатады. Мұндай дауларды шешу әрине оңай шаруа емес. Ұзақ іс тергеліп, қайта-қайта қаралып, сот уақыты созылып кетуі мүмкін. Сондықтан жас отбасыларына ең алдымен некеге тұру керектігін түсіндіргім келеді. Ол біріншіден заңды жұбайлық өмір кешкеніңізді айғақтайды. Екіншіден, заң бойынша қорғауға мүмкіндік мол. Десе де, әр отбасының ажырасу себебі әрқилы. Біріне дүние, біріне бала, біріне мінез, біріне жарасымдылық жетіспей жатады. Осындайда, болмашы нәрсені сылтау етіп, ажырасуға бел буған жерлестердің қылығын азаматтық тұрғыда қолдамаймын.
Меніңше, отбасы беріктігі – әйелқа көп байланысты. Ол ата-ана ретінде басқа түскен ауыртпалықты, отбасына келген қиындықты нәзік болмысымен, күш-қайратымен, сабырлығы және шыдамдылығымен жеңсе, бақыттың өзі басыңа қонатыны сөзсіз. Осы сәтте, жас аналарға, әпке, сіңілілерге жүректе махаббат маздауы үшін, отбасы түтіні түзу ұшуы үшін инабаттылық қажет екенін айтқым келеді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жылдың басында он отбасы отау тіксе, соның жетеуі ажырасып үлгереді екен. Бұған бей-жай қарауға болмайды, бір шаралар қолдану керек. Мысалы, жоғалып бара жатқан үнді тайпаларында үйленіміз деген екі жасты қолдарына азық-түлік, киім-кешек бермей, жыртқыш аңдар мекендейтін ну орманға жібереді екен. Сол жерден барлық қиындықтардан аман шыққан жағдайда ғана үлкендер келісімдерін беріп, шаңырақ көтереді. Бұл мәселенің мәнісіне барып, шешу жолдарын қарастыру оңай емес. Дей тұрғанымен, еліміздегі психологтар отбасын сақтап қалуды түрлі әдіс-тәсілдерін айтып, ой бөлісіп жүр. Сол себепті, бізде аудандағы белді психолог Аида Айнахожаевамен сөйлесіп, ойын білген едік.
– Біздің ата-бабаларымыз да ұл-қыздарына өте жақсы тәрбие бере білген. Ұлына болашақ әке ретінде, қызына болашақ ана ретінде қарап, үлкен өмірге бейімдеген. Сондықтан әрбір ата-ана өз баласына дұрыс қарап, болашағын бесіктен бастаған жөн.

Қалыңдық таңдау кез келген азаматқа жауапкершілік артатын іс. Қандай жағдай болмасын, ажырасу деген жақсы ат емес. Сондықтан жастарымыз бәрін ақылға салса, туған-туыстың абыройын ойласа, араларындағы балаларын жаутаңкөз етпей, бірігіп тәрбиелесе. Қазір еліміз заңды-заңсыз некеге тұра береді де, соның салдарынан ажырасқанда дауласып жатады. Бұл заңгер айтқандай, неке құру мен ажырасуда халықтың көпшілігінде сауат аз дегенді білдіреді. Елімізде отбасы құндылықтарын заманға сай дұрыс насихаттау және некеге тұру мен ажырасудың жауапкершілігін сезінуді үйрену бағытында көптеген жұмыстар жасау керектігін көрсетсе керек. «Жақсы әйел алғанның үйінен ырыс кетпейді, жаман әйел алғанның үйінен ұрыс кетпейді» дегенді бұрынғылар бекер айтпаса керек. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда өзіңмен бірге болып, тұрмыс кешетін, ұрпағыңды өсіретін отанасы және отбасының тірегі бола білетін отағасын таңдау оңайға түспейді. Сондықтан да ертеңгі күні өкініп қалмас үшін, жеті рет өлшеп, бір рет кесетін жастарымыз көбейіп жатса, еліміздің ертеңі еңселі болатыны сөзсіз.

Иа, отбасылық құндылықтардың жойылып бара жатуы осындай жағдайларға әкеліп отыр. Бұрын ажырасу деген ұят болатын. Қазір ұят емес болып қалды. Ал екінші себебі, халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты. Себебі бір нәрсе сатып алса оны еш даусыз бір-біріне тастап кетуі қиындап кетті. Баспана деген кез келгеннің қолы жете бермейтін дүниеге айналды. Сондықтан оған талас бірден туындайды. Үшінші себебі, қазақта ажырасқан кездегі мүлікті бөлуге қатысты бұрыннан келе жатқан, қалыптасқан бір ережелер мен салт дәстүрлер жоқ. Өйткені қазақта ажырасу бұрын болған жоқ. Ар-ұят қана бәріне таразы болды. Қанша жерден зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз десек те, біз алдымен осынау құндылықтарымызды биік қоюымыз керек.

Әсел Рзаева
28 тамыз 2023 ж. 257 0