Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады

Кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында елдің ертеңі туралы, кемел келешегі жөнінде маңызды мәселелер көтерілген еді. Соның ішінде бесінші тарауға көз жүгіртуге болады...

Ақпарат саясатының тиімділігін арттыру қоғам қауіпсіздігінің маңызды бір тетігі болып саналады. Мұның ішінде креативті индустрияны дамыту, масс-медианың билік пен қоғам аоамындағы пәрменді байланыс орнату құралы екенінде дау жоқ. Ақпарат құралында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады. Осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін ақпарарт саясатын түбегейлі қарау, креативті индустрияны жаңа деңгейге көтеру талаптары қойылды.

Идеология жұмысындағы басты мәселе – кітап басып шығару. Қазақстан нарығында шетел өнімдері басым, әдебиеттің 90 бөлігі сырттан келеді. Бұл үрдістің салдары қандай болғанын өмір көрсетіп отыр. Ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басу маңызды. Смартфон кітап орнын баспауы керек. Еліміздегі мектеп кітапханаларында 130 млн кітап бар екен, оның ішінде көркем әдебиеттің үлесі мардымсыз. Кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады.

Балалардың кітапқа құштарлығын оятуда «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны ендіру, қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын тізімдегі кітап¬тардың барлығы балаға қолжетімді болу керектігі жөнінде тапсырма жүктеді. Алдағы кезеңде, өзі жақында Анкара қаласында көріп қайтқанындай, 24 сағат жұмыс істейтін, дүниежүзі озық әдебиеттерімен қамтылған Президент кітапханасы іске қосылса деген тілегімен бөлісті.
21 маусым 2023 ж. 231 0