Балалардың бос уақытын тиімді өткізу мен олардың қауіпсіздігі кеңес отырысында қаралды
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен қамту, оларға қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасау көзделген. Осы орайда жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі екендігін ескере отырып, партияның облыстық филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңес отырысында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мен сауықтыру, сонымен қатар мектепалды даярлық тобы балаларының оқуға дайындығы, санаториялық балабақшалардың жұмысы кеңінен талқыланды.
Жалпы облыста биыл 9 лагерь жұмыс жасайды. Оларда 7 ауысым бойынша 8260 бала тынықпақ. Мұнан бөлек, 295 мектептің 288-інде мектеп жанынан тамақпен және тамақсыз күндізгі тынығу лагерьлерінің жұмысы ұйымдастырылып, 98 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланған. «Қазгермұнай», «Қазатомпром», «РЗА» ЖШС, «СКЗ-U», «Дежуба цемент заводы», «Қызылкұм» ЖШС, «Таң ЛТД» ЖСШ, «Тілеп» ЖШС басқа да жергілікті жердегі меценаттар мен кәсіпкерлердің демеушілігімен облыстан тыс жердегі лагерьлерде 1326 бала сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігімен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлескен «Жаздық сауықтыру және демалыс жолдамасы» жобасы аясында облысқа 600 орынға квота бөлді. Оның 320 оқушысы Алматы қаласындағы «Спутник» балалар сауықтыру лагеріне, 280 оқушысы басқармаға қарасты Жаңақорған ауданындағы облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында демалатын болады»,- дейді кеңес отырысында хабарлама жасаған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов.
Басқарма басшысының орынбасары мектепалды даярлық тобы балаларының оқуға дайындығы, санаториялық балабақшалардың жұмысы туралы да кеңінен айтып өтті.
Атап айтсақ, бүгінгі күні облыста 686 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасайды, онда 60345 бала тәрбиеленуде. Жұмыс жасап тұрған 613 балабақшаның 160-ы мемлекеттік, 453-жекеменшік балабақшалар. Биылғы оқу жылында мектепалды даярлық сыныптары жалпы білім беретін 250 мектеп жанынан ұйымдастырылып, онда 9334 бала тәрбиеленген. Ал санаторлық балабақшаларға келсек, өңірде 12 санаториялық балабақшалар жұмыс жасайды, онда 1203 бала тәрбиеленуде. Олардың барлығы 10,5 сағатпен жұмыс жасайды. Бұл балабақшаларға туберкулездің белсенді емес тобындағы балалар, бейім тобындағы балалар, аймақтық дәрігерде әртүрлі диагнозбен «Д» есепте тұратын балалар, сонымен қатар анемия, эндрокиндік жүйенің,аллергиялық, бүйрек-зәр шығару жолдары аурумен есепте тұратын балалар емхана жолдамасымен қабылданады. Медициналық кабинеттер қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген,- деді Бағдат Бердәулетов.
Жиын барысында кеңес мүшелері тарапынан әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларды сауықтырумен, жазғы демалыспен барынша қамтуды қамтамасыз ету, жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау жұмыстарын күшейту, балалардың қауіпсіздігі үшін барлық лагерьге полиция қызметкерлерін бекітіп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру, балабақшалардағы барлық балалардың жас ерекшеліктеріне сай оқу – әдістемелік дидактикалық материалдардың жеткілікті деңгейде бөлінуін қадағалу секілді ұсыныстар айтылды.