Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Дәріханаға мониторинг жұмыстары жүргізілді

Дәріханаға мониторинг жұмыстары жүргізілді

«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандағы дәріханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізді.

"АMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпейісұлы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің әдіскер маманы Жантөре Әмір, аудандық маслихат депутаты Лаура Бибасарова бастаған топ дәрілік заттардың шекті бағасына талдау жүргізілді.

Қазір не көп, дәріхана мен дәрінің түрі көп. Қол қойылып, мөр басылатын қаптаған құжат та аз емес. Алайда сол құжаттарда көрсетілген шекті баға шын мәнінде шеңберінен шықпаса, қанеки?!

Әр дәріхана егесіне сатылымдағы дәрі-дәрмектерді шекті бағадан қымбат­татпау қажеттігі жөнінде түсін­дірме жұ­мыстары жүргізіліп, баға негізсіз көтерілген жағдайда кәсіп­керге шара қабылданатыны ескертілді. Тіпті меңгерушілеріне мониторинг жұмыстары апта сайын жүргізілетіндігін де жеткіздік.
13 маусым 2023 ж. 481 0