№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Тәрбиесіз өскен баладан, тәртіппен өскен тал артық»

«Тәрбиесіз өскен баладан, тәртіппен өскен тал артық»

Бұл бабаларымыздың бала тәрбиесіне, ұрпағының келешегіне бейжай қарамағанын көрсетеді. Дегенмен, кейінгі жылдары отбасылық құндылықтардың арзандап, ұлттық тәрбиенің ақсағанын еріксіз мойындауға тура келеді. Әсіресе, ата-ананың қадірін білмейтін, сөзін тыңдамайтын жастардың заң шеңберінен шығатын әрекеттер жасауы тыйылмай тұр.


Кәмелетке толмаған баланың заңға қайшы әрекеті үшін ата-анасы жауапқа тартылатыны белгілі.
Баланы бетінен қақпай өсі­рудің залалын көлік жүргізуге қатысты заң бұзушылықтардан да көруге болады.

Сондай-ақ, қара жолда қайғы көп. Соның көпшілігі жүргізушілердің жауапсыздығынан орын алады. Бұл қатарға соңғы уақытта кәмелетке толмағандар да қосылған. Ата-анасының жоқтығын пайдаланып көлікті рұқсатсыз жүргізетіндер баршылық. Соның бір дәлелі Жаңақорған аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Бұл азаматтың жасы кәмелетке толмаған баласы көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола тұра, автокөлік басқарып, жолаушы жағындағы айнасымен көше бойында жол жиегінде кетіп бара жатқан кәмелетке толмаған жәбірленушіні қағып кетіп, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Жаңақорған АПБ-мен А. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі хаттама толтырылып, 86250 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Аталған іс ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен дәрежеленіп сотқа жолданған. Өйткені, ата-ана шын мәнінде кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған. Әрине, қара жолдағы қауіп-қатерден ешкім де сақтандырылмаған.

Тіпті, талай жылдан бері көлік жүргізіп келе жатқан, тәжірибелі, білікті жүргізушілердің өзі техникалық ақау туындағанда, жолда апатты жағдай орын алғанда дұрыс шешім қабылдай алмай әбігерге түсіп жатады. Ал жол ережесін білмейтін, көлік табиғатын түсінбейтін, төтенше жағдай туындағанда сарабдал көзбен қарап, баға бере алмайтын жасөспірімнің қайғылы жағдайға ұшырауы әбден мүмкін. Мұндай кезде ол өзінің өміріне де, айналасындағылардың өміріне де қауіп төндіреді.

Сот отырысында бала тәрбиесін уысынан шығарған әке ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 48300 теңге айыппұл салынды.


Бұл жаза бала тәрбиесіне бейжай қараған әке сабақ болары анық. Сонымен бірге, өзінің шалыс қадамы үшін әкесінің жазаға тартылғанын көрген бала да енді қиыс қадамға бармайды деп үміттенеміз.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
30 мамыр 2023 ж. 97 0