Құрылтай

№54 (8968) 21

21 шілде 2026 ж.

№53 (8967) 18

18 шілде 2026 ж.

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Балалардың терезеден құлау қауіп-қатерінің алдын алайық

Балалардың терезеден құлау қауіп-қатерінің алдын алайық

Kyzylorda-news.kz. Терезеден құлау әсіресе қалалардағы балалардың жарақаттануы мен өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Балалар ашық терезенің алдында өте осал.


Баланың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғаны болдырмау үшін келесі ережелерді ұстану қажет:
- Пәтерде терезелерді ашқан және бөлмені желдетқен кезде баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз. Желдету кезінде фрамугалар мен форточкаларды ашыңыз;
- Балаларға балконға ересектердің еріп жүруінсіз шығуға рұқсат бермеңіз;
- Ешқашан ұйқыдағы баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып ашық терезеге келуі мүмкін;
- Барлық жиhазды, соның ішінде кереуіттерді терезеден алыс орнатыңыз. Бұл баланың терезеден кездейсоқ құлауын алдын алады.
- Терезенің ашылғанын балаға көрсетпеңіз. Кейін ол терезені өз бетімен ашуға үйренген сайын, оның пәтерде жалғыз қалуы қауіпті болады;
- Баланың терезеге мінуі үшін немесе балконнан көшеге қарау үшін аяқ астына орындықты немесе өзге де құралдарды қоюға үйретпеңіз.
Есіңізде болсын! Балалар үшін терезелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің түрлі құралдары бар. Олардың кейбірінің құны әркімге қол жетімді. Балалардың өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ.
26 мамыр 2023 ж. 569 0