№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырдария өзеніндегі су деңгейі бақылауда

Сырдария өзеніндегі су деңгейі бақылауда

Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі өткен брифингте Сырдария өзеніндегі су деңгейі туралы айтылды. Сала мамандарының айтуынша, Сырдария өзеніне күнделікті бақылау жұмыстары жүргізіліп, егіс алқаптарына жіберілетін су көлемі толық қамтылғанын жеткізді.


«Шардара су қоймасында 4301 млн.текше метр су бар. Қоймаға түсіп жатқан су көлемі секундына - 82,8 текше метр, ал төменге тасталып жатқан су көлемі секундына - 200 текше метр. Мұнан өзге, Көксарай су реттегішіндегі су көлемі - 750,56 млн.текше метр болса, Әйтек су торабынан өзеннің төменгі ағысына жіберілген су көлемі секундына - 5 текше метрді құрап отыр. Шардара су қоймасымен Көксарай су реттегішінің жұмыс кестесі бақылауға алынды. Жергілікті атқарушы органдар және су шаруашылығы ұйымдарымен Сырдария өзеніндегі су деңгейіне күнделікті бақылау жұмыстары жүргізілуде», - деді «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғанов.
Өздеріңізге белгілі, вегетациялық кезеңнің басталуына байланысты каналдармен суармалы егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
«Егілген егісті суармалы сумен қамтамасыз ету бойынша дайындалған алдын ала су пайдалану жоспарына сәйкес секундына 464 текше метр су көлемі каналдармен толық қамтамасыз етілуде. Бүгінде 62,9 мың гектар күріш дақылы суға бастырылған. Қазіргі таңда филиал тарапынан күнделікті каналдармен судың алынуы мен егістікке дейінгі берілуі толық бақылауда», - деді «Қазсушар» РМК Қызылорда облысы филиалының су шаруашылығы нысандарын пайдалану бөлімінің басшысы Айдос Асанбаев.
25 мамыр 2023 ж. 251 0