№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас отауға куәлік табысталды

Жас отауға куәлік табысталды

Жас отауға куәлік табысталды Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні қарсаңында жас жұбайларға неке куәлігін көпшілік алдында табыстады. Бұл үрдіс әрбір мереке сайын жалғасып, жас шаңырақтың шаттық күніне аудан тұрғындары куә болуда. Сол ізгі жол мереке жалғасты.

 Жақында ғана шақырақ көтерген Бекжан Алимахамадұлы мен Аяулым Өмірбекқызының некелері заңды түрде тіркеліп, салтанатты түрде неке куәлігі табысталды. Жас отбасыға махаббаттарыңыз мәңгі, бақыттарыңыз баянды болсын деп көпшілік ізгі тілегін білдіріп, батасын берді.

Жалпы Жаңақорғанда жыл сайын некеге тұру саны мен бала туу көрсеткіші көбейіп келеді. Соңғы бес жылда ауан демографиясы 10 пайызға артты десек артықтық емес. Бұл да керемет нәтиже, ең бастысы, неке бұзу көбейіп, тұл жетімдер көбеймесе болғаны. Қалғанын уақыт көрсетер, халық санының өсуі әлеуметтік жағдайымыздың артқанын көрсетеді.

Дәурен ТҰРСЫНБЕК
16 мамыр 2023 ж. 222 0