№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Достық бәрінен қымбат

Достық бәрінен қымбат

Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау Қазақ Халқының алдында тұрған басты міндеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құндылық – ел бірлігі. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да – Қазақстан.


Біздің ұлтаралық келісім саясатымыз әлемді мойындатты. Халқымыздың осындай ырыс-ынтымаққа негізделген жарасымын бағалай білуіміз керек. Бұл – кемел келешекке бастайтын бірден-бір дұрыс жол. Сондықтан, ұлтаралық тық пен келісімді сақтау – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, еліміздегі тұрақтылық пен берекебірлік үшін барлығымыз бірдей жауаптымыз» деп атап өтті.

Осы бағытта №22 «Балдырған» бөбекжай бақшасында «Достық бәрінен қымбат» тақырыбы аясында іс шара өтті. 1 мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні болғандықтан, мерекеге сай балабақшаны безендіріп, тәрбиешілер мен балалар арнайы киім киді. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр түрлі ұлттар тату- тәтті өмір сүруде.

Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, атамекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Балабіздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Балабақшалардағы өнерлі бүлдіршіндер шарада өз өнерлерімен жиналған қауымның ықыласына бөленді. Түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, сол елдің биін билеп, әнін шырқады. Ауыл тұрғындары балалардың өнерін тамашалап, ерекші көңіл күйге бөленді.

№22 «Балдырған» балабақша меңгерушісі Күлжазира Искакова құттықтау сөзімен ашылған шара әр ұлттың ұлттық көріністерін көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді. Мерекеге келген атааналар дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Перизат Әбілқасымова, №22 «Балдырған»
бөбекжай бақшасының тәрбиешісі
10 мамыр 2023 ж. 196 0