№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » 1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ


Қадірлі жаңақорғандықтар!
Сіздерді 1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Халық бірлігі – қасиетті сөз. Қашанда елдің ауыз бірлігі сақталған жерде несібеміз бен құт - берекеміз артып отырғанына тарихымыз куә.
1 - мамыр бұл - шынайы жалпыхалықтық мереке, отаншылдығымыздың туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың жарқын символы болып саналады. Бірлік пен келісімнің маңыздылығын толық ұғыну – еліміздің үйлесімді әрі орнықты дамуының негізгі факторы. Бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана кең байтақ ортақ отанымыз қазақ елі – мол байлық пен бақ - берекеге кенелетіні сөзсіз. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.
Қадірменді ағайын!Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған осы ынтымағымыз бен бір - бірімізге деген бауырмалдығымыз.
Біз осындай дархан пейіліміздің арқасында, бүкіл әлемге ынтымағы жарасқан, халқының пейілі кең ел ретінде танылдық.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Бірлігіміз бекем болсын ардақты ағайын!
01 мамыр 2022 ж. 1 234 0