№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН, КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ!

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН, КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ!


Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау Қазақ Халқының алдында тұрған басты міндеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құндылық – ел бірлігі. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да – Қазақстан. Біздің ұлтаралық келісім саясатымыз әлемді мойындатты. Халқымыздың осындай ырыс-ынтымаққа негізделген жарасымын бағалай білуіміз керек. Бұл – кемел келешекке бастайтын бірден-бір дұрыс жол. Сондықтан, ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, еліміздегі тұрақтылық пен береке-бірлік үшін барлығымыз бірдей жауаптымыз» деп атап өтті.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
01 мамыр 2022 ж. 2 554 0