№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партиялық бақылау комиссиясы 1 айлық мониторинг жұмыстарын қорытындылады

Партиялық бақылау комиссиясы 1 айлық мониторинг жұмыстарын қорытындылады

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтіп, онда 1 айлық мониторинг жұмыстарының қорытындысын талқылады.

Атап өтейік мониторинг жұмыстары ағымдағы жылдың 3-сәуірінен бастап, 1 ай көлемінде партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалдары жанынынан құрылған арнайы топ мүшелерімен өңірде азық-түлік, жанар май, дәрі – дәрмек бағалары тұрақтылығын сақтау мақсатында жүргізілген болатын.
Мониторингтік топтар құрамына партия филиалдары жанындағы қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, БПҰ төрағалары, мәслихаттардағы депутаттық фракция мүшелері мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдері де кірді.
Жиында партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы аталған жұмыстар қорытындысымен таныстырып өтті.
«Сәуір айынан басталған айлық жұмыстар аясында облыс көлемінде барлық топ мүшелерімен 158 сауда нысанына, 85 дәріханаға, 67 жанар май құю станциясына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екені анықталды. Дегенмен бірқатар тауарлар бөлінісінде жыл басынан бірең сараң ауытқуы байқалды. Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының 9-бабына сәйкес, дүкендер тауар бағасын өз бетінше белгілейді, алайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өткізу құны өндірушінің немесе көтерме саудадағы бағадан 15 пайыздан аспауға тиіс болатын. Бұл бағытта кәсіп иелеріне азық-түлік бағаларын тұрақты ұстап тұруға ұсыныс білдіріп, бағаны негізсіз көтеру бойынша тиісті жауапкершілік қолданылатыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді»,- деді партиялық бақылау комиссиясының төрағасы.
Комиссия отырысында кеңес мүшелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру бойынша бірқатар ұсыныстар көтерді. Атап айтар болсақ, кейбір ірі сауда орындарында әлеуметтік бұрыштардың болмауына орай «Байқоңыр» ӘКК барлық сауда үйлерімен қажетті меморандумдар жасау, бағаларды тұрақтандыру бойынша жедел желі телефондарын орналастыру және олардың қай сауда үйлерінде орналасқандығы туралы кеңінен ақпараттандыру, әлеуметтік дүкендер мен сауда үйлеріндегі әлеуметтік бұрыштарды көпшілікке ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу сонымен қатар, тауар өндірушілер мен сатушы арасындағы делдалдарды құрту мақсатында жұмыс жасау қажеттігін айтты. Барлық ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, нақты жұмыстар жасалатын болды.Kyzylorda-news.kz. 
​​​​
05 мамыр 2023 ж. 327 0