Қарттарым баға жетпес байлығым
«Нұр Отан» партиясы қашанда іргелі істерге бастамашыл болып, көмекке мұқтаж жандарға қолғанат болуда түрлі жоба қалыптастырып келеді. Соның бірі – «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы. Оны жүзеге асыру мақсатында жуырда «Ардагерім – ардағым» акциясы аясында тыл ардагерлерін аралап шықтық. Негізгі мақсаты – тыл еңбеккерлерінің хал жағдайларын біліп, денсаулықтарына медициналық тексеру жүргізу болатын. Бас партияның аудандық филиалының қызметкері Санжар Нұржанов және емхана дәрігерлері кезекті жұмыс күні тыл ардагерлерінің үйін аралап, денсаулықтарына тексеру жасады.
Алдымен, Әбдіхалық Әйтілеуовтің үйіне барып, төсек тартып жатқан атамыздың денсаулығын білдік. Одан кейін ардагер ұстаз Жүніс Үпеновтің қарашаңырағына бас сұқтық. Осылай кенттегі тыл ардагерлерінің жағдайларын біліп, дәрігерлік көмек ретінде саушылықтарын тексеріп, мұң-мұқтаждарын қағазға түсірген арнайы топ алдағы уақытта да келіп тұратындарын ескертті.
– Бұл акция әлі де жалғасын табады. Ең бастысы, қазыналы қарттарымыздың амандығы. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы тек тыл еңбеккерлерін ғана емес, жалпы ардагерлер қауымының елге еткен еңбегін ескеріп, құрмет көрсетуге бағытталған. Сондықтан, алдағы уақытта да осы шаралар жалғасын табатын болады, – деді С.Нұржанов.
Өмірбек БЕКТЕМІР.