№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елдің азаматы

Елдің азаматы



Кешегі мәслихат депутаттарының сайлауы науқанында жігерлі жастарды көріп, рухымыз бір серпіліп қалғаны жасырын емес. Елдің негізгі қозғаушы күші жастар екені де даусыз. Көптің ықыласына бөленген Асан Алкеев есімді ең жас кандидаттың насихаттық жұмысында қоғамдық көліктердің мәселелесін көтеру де тегін емес екен. Қасиетті Рамазан айында кенттегі барлық бағыттағы қоғамдық көліктерді әр жұма сайын тегін ұсынуды бастап кетті. Біз осы жаңалықты ести сала әр бағыттағы маршутқа мініп, халықтың көңіл-күйін байқап қайттық.
Жаңақорған кенті 226,6 км. аумақты қамтитын облыстағы ең үлкен кент. Мұнда үш бағытта қоғамдық көліктер қатынайды. Біз ең ұзақ жол кестесін түзген КТУ маршутына жайғасып, елдің пікірін тыңдадық. Рамазан айы басталғандықтан халықтың көбі ауызашарға қажетті азық-түлік алуға орталық базарға бет алған. Рамазан айында есен-саулық сұрасқан ел әр жұма сайын тегін көлік жүргізіп жатқан жастарға алғыстарын жауғызды. Соның бірі – Құттығыз Байділлақызы:
– Жастарыңды көрсет, ертеңіңді айтайын демей ме? Біздің арамызда қоғамның қамын ойлайтын, иманды ұлдардың бары қуантады. Кешегі сайлауда есімі есте қалған жас Асан Алкеевтің отбасына, ата-анасына рахмет айтамын. Жанатын-ақ бала, болашағынан үлкен үміт күтеміз, –деді.
Қуанышты жаңалықты естіген қария Айқожа Балтабаев та риза болып:
Қасиетті Рамазан айында,
Қолға алып жақсы істі.
Жастарымыз жарады,
Жүректерге нұр түсті,
Істерін Алла оңласын,
Пайғамбарым қолдасын, – деп ақ батасын берді.
Ақиқатын айту керек, бұл игі іс жеке кәсіпкердің өз қаражатына ұйымдастырылады. Бұған жергілікті билік өкілдерінің ешқандай жауапкершілігі жоқ. Алла разылығы үшін игі амал жасап жатқан Асан Алкеев бұл ісі туралы өзінің әлеуметтік желідегі күнделігінде « Кешегі сайлау науқаны кезінде Рамазан айында қоғамдық көліктерді тегін жүргіземіз деп айтқан болатынмын. Осы уәдемізді орындау мақсатында достарыммен бірге әр жұмада игі амал жасауды жөн санадым» деп бейнелі ақпарат таратты. Біз Асан Алкеевпен сұхбаттасып, елдің ыстық ықыласын жеткіздік.
– Біздің ниетіміз қолдан келген кішкентай болса да көмекті бөлісу, ағайынның батасын алу. Достарым да бұл идеямызды қолдап, әр жұмадағы істі қолдауға ниеттерін білдіруде. Бізге елдің ризалығынан артық ештеңе керек емес! Еліміз үшін күш біріктіріп, халықты сауаптылыққа, имандылыққа бағыттағымыз келеді, – дейді ақ жүрек жас ағынан жарыла.
Түйін. Мәдениеті дамыған елдерде қоғамдық көліктер тегін жүрген күндері халық та сол құрметке сай әлеуметтік мәдениетін жоғары екенін білдіру үшін, көлік жүргізушілеріне доңғалақ ауыстыруға, көлік тазалауға қолғабыс етеді. Мұны олар өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігі ретінде қабылдайды. Ал бізде ше? Айтудың өзі тым ұят...Сондықтан әрбір қоғамдық көлікті өзіміздің дүниеміздей аялап, ішінде тазалықты сақтап, сөзіміз бен іс-әрекетімізді түзесек, бипыл әңгімеден нақты іске кіріссек, қоғам үшін үн қосқан болар едік-ау! Рамазан айы сауапты іспен де, салауатты іспен де ерекшеленетін ай екенін естен шығармасақ игі.

Мақпал МАРҚАБАЙ
05 сәуір 2023 ж. 146 0