№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жұмадағы жақсы іс

Жұмадағы жақсы іс



Кешегі мәслихат депутаттарының сайлауы науқанында жігерлі жастарды көріп, рухымыз бір серпіліп қалғаны жасырын емес. Елдің негізгі қозғаушы күші жастар екені де даусыз. Көптің ықыласына бөленген Асан Алкеев есімді ең жас үміткердің насихаттық жұмысында қоғамдық көліктердің мәселелесін көтеру де тегін емес екен. Қасиетті Рамазан айында кенттегі барлық бағыттағы қоғамдық көліктерді әр жұма сайын тегін ұсынуды бастап кетті. Біз осы жаңалықты ести сала әр бағыттағы маршутқа мініп, халықтың көңіл-күйін байқап қайттық.
Жаңақорған кенті 226,6 км. аумақты қамтитын облыстағы ең үлкен кент. Мұнда үш бағытта қоғамдық көліктер қатынайды. Біз ең ұзақ жол кестесін түзген КТУ маршутына жайғасып, елдің пікірін тыңдадық. Рамазан айы басталғандықтан халықтың көбі ауызашарға қажетті азық-түлік алуға орталық базарға бет алған. Рамазан айында есен-саулық сұрасқан ел әр жұма сайын тегін көлік жүргізіп жатқан жастарға алғыстарын жаудырды. Соның бірі – Құттығыз Байділлақызы: – «Жастарыңды көрсет, ертеңіңді айтайын» демей ме? Біздің арамызда қоғамның қамын ойлайтын, иманды ұлдардың бары қуантады. Кешегі сайлауда есімі есте қалған жас Асан Алкеевтің отбасына, ата-анасына рахмет айтамын. Болашағынан үлкен үміт күтеміз, –деді. Қуанышты жаңалықты естіген қария Айқожа Балтабаев та риза болып, батасын берді. Ақиқатын айту керек, бұл игі іс жеке кәсіпкердің өз қаражатына ұйымдастырылады. Бұған жергілікті билік өкілдерінің ешқандай жауапкершілігі жоқ. Алла разылығы үшін игі амал жасап жатқан Асан Алкеев: « Кешегі сайлау науқаны кезінде Рамазан айында қоғамдық көліктерді тегін жүргіземіз деп айтқан болатынмын. Осы уәдемізді орындау мақсатында достарыммен бірге әр жұмада игі амал жасауды жөн санадым. Біздің ниетіміз қолдан келген кішкентай болса да көмекті бөлісу, ағайынның батасын алу. Достарым да бұл идеямызды қолдап, әр жұмадағы істі қолдауға ниеттерін білдіруде. Бізге елдің ризалығынан артық ештеңе керек емес! Еліміз үшін күш біріктіріп, халықты сауаптылыққа, имандылыққа бағыттағымыз келеді, – дейді ақ жүрек жас ағынан жарыла.
Түйін. Мәдениеті дамыған елдерде қоғамдық көліктер тегін жүрген күндері халық та сол құрметке сай әлеуметтік мәдениетін жоғары екенін білдіру үшін, көлік жүргізушілеріне доңғалақ ауыстыруға, көлік тазалауға қолғабыс етеді. Мұны олар өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігі ретінде қабылдайды. Ал бізде ше? Сондықтан әрбір қоғамдық көлікті өзіміздің дүниеміздей аялап, ішінде тазалықты сақтап, сөзіміз бен іс-әрекетімізді түзесек, бейпіл әңгімеден нақты іске кіріссек, қоғам үшін үн қосқан болар едік-ау! Рамазан айы сауапты іспен де, салауатты іспен де ерекшеленетін ай екенін естен шығармасақ игі.

                                                                                                                                   Мақпал МАРҚАБАЙ
26 наурыз 2023 ж. 349 0