Өрттен сақтан!
Жыл басынан осы уақытқа дейін аудан көлемінде 15 өрт оқиғасы тіркелді. Орын алған өрттің 10-ы тұрғын үй секторында, 3-еуі автокөлікте, 2-еуіғимаратта болған. Салдарынан 7 200 000 теңге материалдық шығын келген.


Тұрғындар тарапынан тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу мақсатында төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз:
- тұрғын үйдің ауласы мен оған іргелес аумақты қоқыстан және құрғақ шөптен уақытылы тазартыңыз;
- тұғын үйдің ауласында қоқыс және шөп қалдықтарын өртемеңіз;
- сөндірілмеген темекі тұқылы мен сіріңкені жерге тастамаңыз;
- балалардың оттықпен ойнауына жол бермеңіз;
-тұрғын үй ауласындағы жанып тұрғын ошақтағы оттарды бақылаусыз қалдырмаңыз;
-тұрғын үйлерде шөп жинағанда құрылыстарға дейiн кемiнде 15 метр қашықтықта жинаңыз;
- тұрғын үйлердегі электр желілерін ереже талаптарға сай жүргізіңіз;
Өрт кезінде жедел 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз!
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.