№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көлігіңіз сақтандырылған ба?

Көлігіңіз сақтандырылған ба?


Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелген көлік саны – 14802. Оның ішінде нақты салық төлеуші саны – 10571. Бұл тіркелген көлік саны, ал ауада жүрген, яғни, еш жерде тіркелмеген, тіпті сақтандандырылмаған қаншама техника бар. Олардың көбі шет елдік нөмірлі көліктер. Осы көліктер төңірегіндегі дау шешілгенімен, мәселе әлі де жетерлік. Десе де, бұдан былай заңды белден басып жүргендерге жаза қатаңдатылды.


Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүрген қырғыз, армян, ресейлік көліктердің тіркелуі туралы бірқатар тапсырмалар берді. Бұл бағыт бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру туралы шешім қабылданды. Жақында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев 23 қаңтардан бастап қазақстандықтар көліктерін заңдастыруын бастайды деген болатын. Біз оған қанша қаржы кететінін, қандай құжат керектігін зерделеп
көрген едік.

Заңдастыруға қанша қаржы керек?

Көлік құралын тіркеу үшін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 200 мың теңге көлемінде бір реттік төлем жасалады. Заңдастырылған автокөлік иелері утиль алымнан босатылады. Сондай-ақ техпаспорт алу үшін 4 313 теңге мемлекеттік баж төлейді. Көлік иесі мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге мөлшерінде алым төлейді. Барлық құжат тексеріліп, төлем жасалғаннан кейін автомобиль иесіне ҚР тіркеу құжаты мен мемлекеттік нөмірі беріледі. Айта кету керек, шетелдік есепке алынған автокөліктерді заңдастыру – бұл бір реттік акция.
Заңдастыру туралы шешім екі күн ішінде қабылданады. Екі күн ішінде полиция авто­көліктің заң талаптарына сәйкестігін тексереді. Егер базада автокөлікті әкелу туралы мәліметтер болмаса, күні сақтандыру полисін ең бірінші рәсімдеу күні бойынша айқындалатын болады. Сондай-ақ, автокөлік Интерпол, ЕАЭО және тағы басқа базалары бойынша тексеріледі. Егер автокөлік тексеруден өтсе, өтініш берушінің телефонына оң нәтиже туралы хабарлама келеді.

Тіркеуге керекті құжаттар тізімі

Жалпы көлікті заңдастыру үшін алдымен арнайы бекітілген форма бойынша өтініш, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, транспорт құралының паспорты не­месе құралын тіркеу туралы куә­лік, транспорт құралына меншік құқығын растайтын құжаттарды өзімен бірге алып баруы шарт. Бұл құжаттар қабылданғаннан кейін көлік тексеруге жіберіледі. Тексеру нәтижесі арнайы базаға тіркеледі. Көлікті заңдастыру туралы өтінім екі жұмыс күні ішінде қарастырыла­ды. Шешім шығарылғаннан кейін өтінім қабылданады немесе заң­дастырылудан бас тартылады. Көлік иесін хабардар етуі үшін оның ұялы телефонына ХҚКО тарапынан 1414 нөмірі арқылы хат жіберіледі. Хабарлама мәтінінде қабылданған шешім, транспорт құралының біре­гей нөмірі, моделі мен маркасы көрсетіледі.
Көрсетілген ережелерде авто­көліктерді заңдастырудың нақты кри­терийлері белгіленген. Біріншісі – автокөлік елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, екіншісі – іздеуде болмауы, үшіншісі – басқа мемлекетте есептен шығары­луы, төртіншісі – кедендік тазартудан өтуі керек. Ережелер 2023 жыл­дың 1 шілдесіне дейін қолданылады. Ережелер салмағы 5 тоннаға дейінгі автокөліктерге, 3,5 тоннаға дейінгі шағын жүк автокөліктеріне, оның ішінде басқару органдары оң жақта орналасқан автокөліктерге қатысты.

Қазақстанда қанша шетелдік көлік бар?

Біздің елде нақтыжүрген шетелдік автокөліктердің нақты саны туралы деректер белгісіз. Сонымен қатар 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетел­дік автокөліктерге 300 мыңнан астам автосақтандыру полисі ресімдел­ге­ні анықталған. Автосақтандырулар­дың басым көпшілігі Ресейден кел­ген автокөліктерге берілген, олар шамамен 260 мыңға жуық, Қыр­ғызстаннан келген автокөліктер са­ны – 25,5 мың болса, Армения көліктері – 18 мың. Айта кетейік өткен жылы шетелдік тіркеуі бар көлікті жүргізушілердің кінәсінен 1800-ге жуық жол апаты орын алып, 500-ге жуық адам көз жұмған. Сондай-ақ жол қозғалысын 700 мыңнан астам рет бұзған.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
21 қаңтар 2023 ж. 280 0