№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызғалдақ ғұмыр

Қызғалдақ ғұмыр

Қазақ үшін Тәуелсіздіктің құны қымбат. Азаттықты ата бабамыз өмір бойы аңсап өткен. Ал кешегі үстемдік еткен коммунистер партиясының құл-құтанға теңдік алып бердік, ұлттардың мызғымас достығын қамтамасыз еттік деген «жасампаз» саясатының астарында жатқан әділетсіздікті әшкерелеген көзқарастарын ашық айтып, биліктің құлағына жеткізуді мұрат тұтып, қол ұстасып алаңға шыққан жастар арасында жаңақорғандық жүректі қырандар да бар еді.


Содан бері арада 36 жыл өтсе де желтоқсанның ызғары жанды қарып, қасірет пен өкініші жүректі сыздатады. Өйткені желтоқсан көтерілісі талай жастың тағдырына таңба салды.

Аудан орталығындағы №163 мектебінің түлегі Ботакөз Қарабаева бұл кезде М.Киров атындағы КазГУ-дің химия-биология факультетінің екінші курс студенті болатын. Бала кезінен таңдаған мамандығына қол жеткізу үшін әбден тер төгіп, бейнетпен жеткен ол білімге ынта-зейінімен ден қойып, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрді. Онжылдықтан соң екі жыл қара жұмыс істеуден де тартынбай, қоныстағы ХРСУ мекемесінде құрылысшы болып еңбек еткен тәжірибесі тағы бар, өз-өзіне биік талап қоя білді.

16 желтоқсан күні алаңға барып, өз наразылықтарын білдірмек болған студеттер арасында Ботакөз Әбілтайқызы да бар еді. Көпшіліктің ішінде әлдекімдер ши шығарып, сол маңда жүрген телеинженер Савицкийдің қаза болуы жанжалдың тұтануына себеп болып, бейбіт мақсатта басталған шеру соңы саяси күрделі сипатқа ойысты. Оған қатысушыларды ұлтшылдар, экстремистер, тіпті есірткі, ішімдік қабылдаған өз істеріне жауап бере алмайтын бұзақылар деген айып тағылды.Себеп-салдарсыз ұрып-соғу, өрт машиналарынан су шашу, итке талату сынды қорлыққа тап келген жастар түрмеге тоғытылды. Осындай жазаға іліккен Ботакөз жоғары оқу орнынан шығарылып, арманы орта жолда кесілгендей еді. Талабын таяныш етіп аудандық өндірістік комбинатында жұмыс істеді. 1990 жылдары Мұқтар Шахановтан хат келіп, ісі комиссияда қайта қаралып, өзі орнына қайта оралды. КазГУ-ді жақсы бағамен бітіріп, ары қарай магистратурада білімін жалғастырады. Бірнеше жыл КазГу-де оқытушы, одан әрі «КазТрансОйл» мекемесінде қызмет атқарды. Ұжымда алдыңғы қатарлы маман болыпты, қатал да турашыл мінезімен жүрген ортасында беделді, абыройды иеленді.

Көп ретте пендешілік пыйғыл басым түсіп, қарақан басының қамын жоғары қоятындар артып отырған қоғамда турасын айтып, әділдіктің салтанат құруына қарапайым қағидасымен, өмірлік принципімен ұстын боп жүретін тұлғалардың ұлт бағы үшін туары кәміл. Өзінің қысқа ғұмырында асқақ арманына акрқа сүйеп, ата-анасына, бауырларына тірек бола білген жасын мінезді, елжанды арудың жарқын келбеті оны білетіндердің, жерлестерінің жүрегінде сол мөлдір жас қалпында әлі сақтаулы.

Ұлт намысы үшін басын бәйгеге тігіп, жас өмірін құрбан еткен Ботакөз сынды аруларды кейінгі толқын да терең танып, рухына тағзым етуі тиіс.
16 желтоқсан 2022 ж. 217 0