Әлеуметтік желінің әлегі
Бүгінде жұмыс іздегенге «екі қолға бір күрек» табылады. Бірақ еңбектен жерігендер оңай олжа іздеп желіге желімдей жабысып жүр. Алаяқтықпен ақша тапқысы келген ақылдылар «желiлiк маркетинг» дегенді сауын сиырдың желініндей елестетін болыпты.
Бәлкiм, бiрiңiзге таныс, ендi бiрiңiзге таңсық болар. Бiрақ, жұмыс iздеген кез келген адам бұл жүйенi жақсы бiлерi сөзсiз. Өйткенi, ғаламторда «Жұмыс береміз» деген хабарландырудың басым көпшiлiгi осы тектестер. Осыдан бiраз уақыт бұрын жақын құрбымның бiрi менi қоярда-қоймай желiлiк маркетингтiң бiрiне кiруiмдi өтiндi. Күн сайын: «шынымды айтсам, мен бұны өзiмнiң жаным ашитын жақын адамдарыма ғана айтамын. Сенiң де жағдайың түзелiп, елдiң алдында жүрсе деймiн. Әйтпесе, саған сонша жалынып маған ненiң азабы. Мен құдай қаласа, екi айдан кейiн көлiк алғалы жатырмын. Ал, жазда ата-анама шетелге жолдама алып қойдым, барып демалып келедi» деп, менiң де қызығушылығымды оятуға тырысты. Құрбымның көңілін қимай, мен де оның басшысымен тілдесіп көріп едім. Құдай-ау, айналдырған екi-үш айдың iшiнде ауқатты адамдар қатарына қосылып кететiнiме кепiлдiк бердi өздерi. Әрине, ол үшiн еңбек етiп, «қаржылық пирамида» құру қажет екен. Аталмыш кәсiпке мойынсұнған адамдардың айтатын ортақ тақырыбы – тек ақша және бонус. Бонустық ұпайды неғұрлым көп жинаған сайын, пайыздық көрсеткiшiң де артады. Пайызданпайызға жеткен сайын келесi сатыға жетуге ұмтылуың қажет.
Алайда, бұл iстердi бастамас бұрын алдымен өздерiнiң тауарларын, яғни эксклюзивтi швейцар сағаттары, әртүрлi қымбат тастардан жасалған әшекей бұйымдар мен шетелге саяхат карталары сынды заттарды сатып алуың қажет. Ал, олардың ең арзаны кем дегенде 150 мың теңгеден төмен емес. Егер, сiздiң қалтаңызда ондай қаржы жоқ болса, еш қиналмаңыз. Өйткенi, керектi қаражатты қалай табу керектiгiн егжей-тегжейлi өздерi түсiндiредi. Мысалы, «Сенiң ақшаң болса, қай туыс яғни таныстарыңа көмектесер едiң, солардың тiзiмiн жаз (10 кiсiден кем болмауы керек)». Әлгi кiсi байыған жағдайда өзiнiң көмектескiсi келген кiсiлерiнiң аттарын тiзiп отырып жазып бередi. Мұны күтiп тұрған әлгi адам ендi оған былай дейдi: «Ал ендi сен қиын жағдайға тап болсаң, осы кiсiлер саған қанша теңгеге дейiн көмектесе алады, соны жаз»,– дейдi. Жазып болғаннан кейiн: «Ендi, сен қазiр осы кiсiлерден барып қарыз ал. Себебi, сен қазiр қиын жағдайда тұрсың. Тағдырыңды шешетiн бизнеске кiре алмай қиналып тұрсың. Егер туған-туыстарың көмектесе алмаса, кез келген банктен несие алуыңа болады»,– деп қарыз алудың жолын көрсетiп бередi.
Бұдан кейiн, сосын сiз керемет кәсiпкерге айналып кетесiз, ғаламторда өзiңiздiң электронды дүкенiңiз ашылып, ақша деген өзі-өзінен ағып келедi-мiс. Ол үшiн бар-жоғы екiақ танысыңды алып келiп, желiге кiргiзуiң керек. Содан кейін көл-көсір пайда табасыз, – деп байлықтың ауылын қол созым жерге жақындатып қойған кеңес берушi қыздың жылыжылы сөйлеген сөзi «жыланды iнiнен шығаратындай». Жастардың ең осал тұсы – баспана мәселесi екендiгi баршаға мәлiм. «Сен аз ғана уақыттың iшiнде өзiңнiң кең сарайдай баспанаңа ие боласың» деп, төбемнен алтын жаудырып қойды. Бұл қандай батпан құйрық десеңiзшi. Бiр байқағаным, бұл сауда түрiнде шiмiрiкпей өтiрiк айта салу деген түкке тұрғысыз екен. Себебi, олардың өзiнен «қанша пайда тауып жүрсiң?» десең, ойланбастан «айына 1000 АҚШ долларын аламын» деп, аспай-саспай жауап бергенде, кәдiмгiдей сенiп қаласыз. Соған қарамастан, әңгiмелерiн «Бiз әлемдегi №1 компаниямыз» дегеннен бастап, өнiмдерiн шетелдiк жетекшi фирмалар өндiретiнiн, заттарының сапалы екенiн, бағасының қалта көтеретiнiн, ақыр соңында компания өкiлi болсаңыз, еш өкiнбейтiнiңiздi айтады. Сол жерде жұмыс iстеп жүрген жастарды мысал етiп көрсетiп, сабағына да, жұмысына да үлгерiп, белгiлi пайыздық көрсеткiштерге ие болып жатқанын айтып тамсандырады. Бастысы – атаанаңыз секiлдi мемлекеттiң берген жалақысына қарап қалмайсыз, қосымша табыс табуға тамаша мүмкiндiк. Мiне, дәл осылай өз сенiмдерiне кiргiзiп алып, тақырға отырғызып кететiндердiң әрекетi осылай жүргiзiледi. Бәлкiм, «Аңқау елге арамза молда» деген осы болар. Айтайын дегенім, әлгі құрбым несие алып, онысын жаба алмай, өзге банктен тағы да несие алды. Сөйтіп, бір басына 2-3 несиені жамап алып, әлі күнге дейін айлығының 70 пайызын банкке беріп отыр.
Ғаламтор дамыған сайын виртуалды алаяқтық кәдімгідей белең ала бастады. Алтынмен аптаймыз, күміспен күптейміз, бірден мол ақшаға қарық қыламыз деген жалған уәдемен адамдардың санасын жаулап, жарға жығып кету жағдайлары жиілеп кетті. Алдаудың тәсілдері сан алуан болғанымен, түпкі мақсаты аңқау адамдардан көбірек ақша жымқыру. Әсіресе, елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері тұрғындар көбіне үйде, немен шұғылданарын білмей, жылт еткенге сенгіш болып алды. Әсіресе, «Орифлейм», «Мэри Кей», «Эйвон» сынды компаниялар көпшілік арасына танылып қалды. Осы желілік маркетинг жайлы сан пікірлердің арасында жаманы да, жақсысы да бар. Бірі ұтып жатырмын десе, бірі ұтылдым деп санын ұрып қалып жүр. Осыны ұтымды пайдаланған онлайн алаяқтар үйде отырған ағайынды алдап, қаржы жымқырудың жаңа әдісіне көшті. Қазір түрлі бағдарламаларды пайдаланудың қарапайымдылығымен қоңырау шалады немесе абоненттік нөмірлерге SMS хабарлама жібереді және компанияның байланыс операторымен бірге өткізген науқаны туралы есеп беріп, нәтижесінде сіздің абоненттік нөміріңіз жеңіп шыққанын айтады. Ұтысты кім жек көрсін, бірақаяқастынан тап болған олжаны басқа қаладан алу керек не оның құнын пластикалық картаға ауыстыру қажет болады-мыс. Әрі қарай қылмыскер интернеттегі (мобильді) банкингті өз құрылғысына қосады. Одан әрі өз ойын жүзеге асырып, ақшаңыздан әп-сәтте айрылып қаласыз.
Желі арқылы сан алуан дәрумендер, ыдыс-аяқ жуатын тазалағыш құралдар, биологиялық белсенді қоспалар мен косметикалық заттарды желі арқылы қолжетімді бағаға сатып алғың келді делік. Алдымен осындай үлгідегі қылмыскердің арбауына түсіп қалмау үшін сауатты болуың қажет.
Бұл жайынд аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ғани Тұрсекеев былай дейді.
– Интернет алаяқтық – қазіргі уақытта алаяқтықтың ең көп таралған түрі. Алаяқтар сiзге қоңырау шалып, өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері етіп таныстырып, біреу сіздің шотыңыздан ақша алуға немесе несие алуға тырысып жатқанын хабарлайды. Шын мәнінде бұл сізді жаңылыстыру. Алаяқтар жалған жолмен сiзден құпия сөздерді, банк карталарының нөмірлерін біліп алып, сіздің ақша қаражаттарыңызды ұрлайды. Ағымдағы жылы 17 алаяқтық орын алған. Оның 4-і каспий банк арқылы несие алу бойынша тіркелген. Бірақ мұндай интернет алаяқтықтың ашылуы қиынға соғып отыр. Өйткені оның әдіс-тәсілдері күнбе-күн жаңаруда, хаккерлік механизм де сан құбылып отыруымен сан соқтырып кететіні жасырын емес. Тұрғындар арасында әсіресе бюджеттен айма-ай жалақы алып отырған мекеме қызметкерлері арасында алдану фактілері өте көп. Осы орайда айта кетейін, ең алдымен алаяқтардың қолына түспеу үшін тек тексерілген интернет-дүкендерді таңдап, әлеуметтік желілер немесе жарнамалық сайттар арқылы алдынала жасалған тапсырыстарды төлемеу керек. Егер өнім сізге өте қажет болып тұрса немесе оның бағасы өте тартымды болса, тапсырыс берер алдында интернет-дүкенді алаяқтық үшін тексерген жөн. Әлеуметтік желілерде әр түрлі тауарларды, өнімдерді және қызметтерді сатуға арналған жарнамалды қарағанда сақ болыңыз. Әр түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап еткен жағдайда мұқият болу керек. Алдын ала төлем жасамаңыз. Абонент нөміріңізге келіп түскен СМС кодты үшінші тұлғаларға жібермеңіз. Тауарларды расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз. Әлеуметтік желілерде жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз. Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз. Басқа қаладан қосалқы бөлшектер мен тауарларды сатып алғанда достарыңызбен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алған өнімді тексеруді өтініңіз, әбден көз жеткізіңіз. Бейне байланыс жүйесі арқылы сатушының өз төлқұжатын көрсетуін сұраңыз. Сонымен қатар, ең бастысы ешкімге банк шотыңызды толық нөмірін, құпия сөздерін беруге, айтуға міндетті емессіз, осыны ұмытпаңыздар, – дейді сала басшысы.
Сенесiздер ме, бүгiнде отанымызда елуден аса желiлiк компания жұмыс iстейдi екен. Олар әртүрлi биологиялық қоспалар, косметика, бижутерия, тұрмыстық химия және өзге де қажеттi өнiмдер саудалайды. Мәселен, Avon, Oriflame, Mary Kay, Anway сынды косметика заттарын сататын компанияларда жұмыс iстемеген студент кемде-кем. Сабақ үстiнде ұстаздар мен курстастарына әкелген заттарын таныстырып, өткiзуге тырысады. Алайда, еткен еңбекке компания ақы төлемейдi, керiсiнше қол астыңа адам жинап, солардан түсетiн ақшаны алатын боласың деп сендiредi. Бiрақ қол астына келген жан да өзi секiлдi студент екенiн естен шығарып жатады. Айта кетейiк, бастауын Америкадан алған сауданың бұл түрi 1934 жылдан бастап тұрмысымызға ене бастаған. Америкалық Карл Ренборг азық-түлiктерге қосымша дәрумендер шығарумен айналысуды қолға алып, оны таныстары мен достарына тегiн таратады. Бiрақ оның дәрумендерiн ешкiмнiң алғысы келмейдi. Барлық iстегенi сәтсiздiкке ұшырай берген соң, Карл өз өнiмiнiң дәмiн татып көргендерi үшiн таныстарына ақша төлей бастайды. Өтiнiш бергендер саны күрт өседi. Осы кезде Карл Ренборгтың басына өз өнiмiн таныстары арқылы таратып, пайда табуға болады деген ой келiп, «California Vitamins» атты алғаш желiлiк компания осылай пайда болған екен.
Иә, «естімеген елде көп» деген осы болар. Көп жағдайда жалындап тұрған жастар сәл мүлт кетіп, тұзу жолдан жаңылып қалады дейтін едік. Қазір бұл қақпанға түсіп жатқан үлкендер қатары да баршылық. Алайда, өмірде көргені мен көңілге түйгені көп үлкендердің өзі осындай әрекеттерге бел алдырып жатқаны көңілге қаяу салады. Бірақ, айлакер компания мүшелері осындай егде тартқан жандардан көп пайда табатын көрінеді.
Қарап отырсақ, аз жұмыс істеп, көп табыс табуға шақыратындардан көз сүрінеді бүгінде. «Алған жалақыңызға көңіліңіз тола ма? Қыз-жігіттерді кеңсеге жұмысқа шақырамыз. Жоғарыы, білімі, тәжірибесі маңызды емес. Айлығы – 200 мың теңге» деген іспетті жарнамаларды әр жерден көзі шалмаған адам кемдекем шығар. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, тәуекелге бел буып, қолда бар ақшаны желге ұшырмауды ойлап қойыңыз.
P.S. Ұлы Абай атамыз «ойын арзан, күлкі қымбат» дегенді тектентекке айтпаса керек. Жалпы, баю, материалдық жағдайыңыздың жақсаруы – алдымен жаныңызды байытудан, яғни, жігер, жалқаулықтан арылу, тынбас еңбектен басталатынын естен шығармасақ екен. Кім не десе де, оңай жерде алтын жатпайтыны белгілі жайт. Ақшалы атану үшін де еңбекқорлық, табандылық, төзімділік секілді қасиеттер қажет-ақ.
Бәлкiм, бiрiңiзге таныс, ендi бiрiңiзге таңсық болар. Бiрақ, жұмыс iздеген кез келген адам бұл жүйенi жақсы бiлерi сөзсiз. Өйткенi, ғаламторда «Жұмыс береміз» деген хабарландырудың басым көпшiлiгi осы тектестер. Осыдан бiраз уақыт бұрын жақын құрбымның бiрi менi қоярда-қоймай желiлiк маркетингтiң бiрiне кiруiмдi өтiндi. Күн сайын: «шынымды айтсам, мен бұны өзiмнiң жаным ашитын жақын адамдарыма ғана айтамын. Сенiң де жағдайың түзелiп, елдiң алдында жүрсе деймiн. Әйтпесе, саған сонша жалынып маған ненiң азабы. Мен құдай қаласа, екi айдан кейiн көлiк алғалы жатырмын. Ал, жазда ата-анама шетелге жолдама алып қойдым, барып демалып келедi» деп, менiң де қызығушылығымды оятуға тырысты. Құрбымның көңілін қимай, мен де оның басшысымен тілдесіп көріп едім. Құдай-ау, айналдырған екi-үш айдың iшiнде ауқатты адамдар қатарына қосылып кететiнiме кепiлдiк бердi өздерi. Әрине, ол үшiн еңбек етiп, «қаржылық пирамида» құру қажет екен. Аталмыш кәсiпке мойынсұнған адамдардың айтатын ортақ тақырыбы – тек ақша және бонус. Бонустық ұпайды неғұрлым көп жинаған сайын, пайыздық көрсеткiшiң де артады. Пайызданпайызға жеткен сайын келесi сатыға жетуге ұмтылуың қажет.
Бұл жайынд аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ғани Тұрсекеев былай дейді.
Әсел РЗАЕВА