№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Мейірім - жан шуағы

Мейірім - жан шуағы


Елімізде 1992 жылдан бері Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мерекесіне арнайы күн белгіленіп, айрықща назар аударылып келеді. Елімізде 620 мыңнан астам мүгедек есепте тұрады екен. Мүгедектердің әлеуметтік құқын қорғау мәселелері бойынша заң жобасы Мәжілісте нақ бүгінгі күндері де талқылану үстінде. Арнайы құжаттар топтамасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамда тең дәрежеде өмір сүруі үшін қажетті жағдайлардың қағаз жүзінде қалмай, нақты іске асырылуын көздейді. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік қорғалу жүйесін жетілдіру, оларды оңалту саласындағы қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру және қоғамдағы кедергілерді жою аса өзекті болып отыр.


Мәселен, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары балаларға инклюзивті білім беруге қауқарсыз. Мүгедек ата-ананың баласын әскерге шақырудағы жеңілдіктер заңды орнығуы керек. Кітапхана, мәдениет ошақтары сынды зияткерлік орындарда оларға көрсетілетін арнайы қызметті жолға қою, денсаулығында кінәраты бар жандардың қоғам өмірімен толыққанды қарым-қатынасын қамтамасыз ету талабы, сайып келгенде, осындай қамқорлықтарды іске асырғанда оған мемлекеттен қаралуға тиіс 9 млрд 900 млн теңге қаржы қажеттігін күн тәртібіне шығарды.

Ең бастысы, оларға қоғамның көзқарасы түзу болу керек. Өйткені, мүмкіндігі шектеулілер арасында айналасына пайдасын тигізуге ынталылар, бойындағы күш-қуатын бір мақсатқа бағыттап, содан кәдімгідей нәтижелі табысқа жетіп отырған жігерлі азаматтар да аз емес.

Жұма күні Байкенже ауылындағы Мәдениет үйінде өткен «Мейірім сыйла» деп аталатын ерекше жандарға арналған мерекелік кешке барып қатысып қайтқанымызда түйген ой, өмірді сүйетін, жарық күнге ынтық жандарды табыстыратын бір тылсым күш – өнерге деген құштарлықты терең сезіндік. Өйткені өнердің шын ләззатын түсіну үшін он екі мүшенің бүтіндігінен гөрі жүректің кірсіздігі, қиялдың мөлдірлігі, жанның тазалығы керек.

«Мен өмірді сүйемін» әнімен Ботагөз Маханбетова ортаға шықса, әлеуметтік қызметкер Айсұлу Қалдыбаева тағдыр сынағын төзіммен жеңе білген бауырларға арнаған жүрекжарды жырын оқып берді.

Кішкентай өнерпаз Қасымхан Балжан «Әкеме» әнімен көп көңілін толқытса, Құлмаханов Нұрсұлтан, Нарбеков Темірхан мен Анар Кенбаеваның дуэті көрермендерді риза етті.

Арнайы мерекеге осы аймақтағы ірі өндіріс орындары «Байкен-U» мен «Қызылқұм» ЖШСнен арнайы өкілдер келіпті. Шарада сөз алған Байкенже ауылдық қоғамдастық кеңесінің төрағасы Сматулла Бекназаров, ел ағасы Балтабай Серкінбайұлы маңдайға жазған тағдырға тәуекел етіп, темірдей төзімді серік еткен жандарға ағалық тілеуін бөліссе, «Қызылқұм» ЖШС менеджері Сұлтан Әбдіжаппардың сөзі төмендегіше өрілді:
– Жыл сайын атаулы мерекені құр жібермеуге тырысатын өндіріс басшылығы қолдан келгген көмекті аянып қалған емес. Жергілікті жер халқының әлеуметтік хал-ахуалын ұдайы назарға ұстап, түйінді мәселелерді шешуде де қамқор көзқарасты ұстанып келеміз, – деді ол.

– Біздің білуімізше, бұл ауылда жалпы 41 мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады. Олардың жағдайын жіті тексеріп, науқастық санатын анықтауда өндіріс басшылығы биыл облыстан диагностика шақырып берген болатын. Анықталған аса ауыр екі баланы емдетуге қаражатты да бөлдіргелі отыр екен. «Байкен-U» мекемесінің биылғы жылы еңбек ардагерлері үшін Жаңақорған шипажайына он жолдама беріп, ел ағаларының тегін емделуіне жағдай жасауы да қуантарлық. Осы мекеме басшылығының демеуімен ауыл зиратына апаратын жол тегістеліп, бұрынғыдай техниканың батпақтан жүре алмай, батып қалу сынды кемшіліктері жойылғанын білдік.

– Бүгінгі мерекеге «Қызылқұм» мекемесі басшылығы 500 мың теңге қаражат бөлдірген екен. Оның 300 мыңы 1 және 2 топтағы мүгедектерге ақшалай таратылды, ал қалған қаражатқа 3-топтағы азаматтардың газетке жазылуына жағдай туғызылыпты. «Байкен-U» мекемесі былтыр 500 мың теңге сыйға тартқан болса, биыл мерекеге арнайы келген мекеменің өндірістік қауіпсіздік бөлімінің бастығы Марат Санаубаев сөз алып, мерекелік ұжым басшылығы атынан лебізін білдіріп, 5 адамға азықтүлік тарту таралғысын табыс етті.
07 желтоқсан 2022 ж. 313 0