№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мейірім мол төгілсе, мұқтаждық болмайды

Мейірім мол төгілсе, мұқтаждық болмайды

   Қоғамда өзіндік тұлға болып қалыптасқан мүгедек жандарды үкімет назардан тыс қалдырып жатқан жоқ. Бұл сөзге дәлел іздеп көрсек, мысал мол.
  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы жеке оңалту бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен мүмкіндігі шектеулі жандарға тиісті деңгейдегі қаржы қаралды. Соған сай жеке көмекшінің қызметін қажет ететін 118, гигиеналық құралға мұқтаж 232 мүгедектің өтініші қанағаттандырылып отыр.
Облыстық бюджеттің есебінен, ауданда жыл басынан бері 43 мүгедек протезді-ортопедиялық , 25 мүгедек тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілсе, 14 мүгедек облыс орталығындағы «Талсуат» оңалту орталығында ем алды.
Аудан әкімінің қаулысымен мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз, ал қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыруы орнынан босатылған адамдар үшін бес пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленген. Осыған сәйкес биыл 35 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланып, 19-ы тұрақты жұмысқа, 15 ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді.
Ауданда мүгедек жандарға осындай көмек көрсетіліп жатқанына қуаныштымын. Біз жұмыс сұрап келген азаматтарға қол ұшын беріп жатырмыз және оларға тиімді шараларды ұсынамыз,- дейді жұмыспен қамту бөлімшесінің сектор меңгерушісі Жақыпбек Данияров.
Ия мүгедек жандардың жұмыс іздеу мүмкіндігі шектеулі екені белгілі. Десек те мемлекеттің қолдауы арқылы олар өз идеяларын іске асырып келеді.

Әлібек Жарықбаев.
11 қараша 2018 ж. 1 106 0