Идеядан - нақты іске нық қадам
Ауданымызда өткен «Үздік әлеуметтік жобалар» байқауы өз мәресіне жетті. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді мәдениетпен, экологиямен, сондай-ақ, спортпен де тығыз байланыста тарқататын тың идеяларды ұсына алған бірнеше үміткердің ішінен 3 бірдей жоба авторы жеңімпаз атанды.

Аудандық ішкі саясат және жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен өткен сайыста қатысушылардың әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді нақты анықтай алғандықтары, жобаны зерттеуге қажет біліммен, дағдымен қаруланып келгендіктері байқалды. Олардың топтық жұмыс негізінде ұйымдастырушылық, зерттеушілік қабілеттерінің жоғарылығы тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, жеткен нәтижелеріне өзіндік баға беруімен ерекшеленетіні ескерілді.

Аудандық ішкі саясат және жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен өткен сайыста қатысушылардың әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді нақты анықтай алғандықтары, жобаны зерттеуге қажет біліммен, дағдымен қаруланып келгендіктері байқалды. Олардың топтық жұмыс негізінде ұйымдастырушылық, зерттеушілік қабілеттерінің жоғарылығы тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, жеткен нәтижелеріне өзіндік баға беруімен ерекшеленетіні ескерілді.
Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ең белді байқаулардың бірі саналатын үздік әлеуметтік жоба аясында ұйымдастырылған сайыста қоғам үшін өзектілігі мен маңызы жоғары жобалар сарапқа түсті. Таңдалған әрбір тақырып пен үміткерлердің қорғаған жобасы қоршаған орта үшін көкейтесті, адамзат үшін күрделі болып табылатындығына көз жеткіздік. Нәтижесінде Нұрмахан Әлімбетов, Нұрбол Бакиров және Азамат Ергештің жобалары жоғары бағаланып, үздік деп танылды.

Тағы бір үздік жобалардың қатарынан көрінген «Жаңарған Жаңақорған Жастары» қоғамдық қоры атынан мектеп оқушыларына арналған «UMTYLYS» жобасын таныстырған Азамат Ергеш өз бағытынының ерекшелегімен дараланды. Жобаның мақсаты оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына жұмыс жасап, олардың бойына рухани құндылықтарды сіңіруге негізделген. Ал міндеті кітап оқу арқылы жан-жақты ойланып, өз саласын тауып, көшбасшы болуына жол нұсқау нәтижесінде ортамызда патриот, жанашыр, мәдениетті, үміт артуға лайық жастарды қалыптастыру. Бағыты «Руханият», «IQ», «Спорт» және «Мамандық» атты бағыттан тұратын 4 саланы қамтитын жоба осындай жанжақты ізденгендігімен байқау жеңімпазы атанды.
Осы ретте әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпазы атанған жандарға ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілқайыр Сыздықов тілектестігін былайша білдірді.
– Негізі әлеуметтік жоба қоғамдағы әртүрлі қауымдастықтардың қажеттіліктерін анықтап, әлеуметтік қызмет аясында туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сіздер осы мақсатта алтын уаққыттарыңызды бөліп қоғам үшін нәтижелі жұмыс атқаруға кірістіңіздер. Нәтижесі жаман емес. Демек, бүгін жеңімпаз атанған жобалар болашақта әлеуметтік қызмет аясында туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді дегенге сенеміз, – деді.
Жалпы, бұл байқауда жастардың қоғамдық өмірге белсене араласып, өз болашақтарына бейжай қарамайтынын байқадық. Бұл дегеніміз еліміздегі жастар қоғамның басты қозғаушы күшіне айналды деген сөз.
Лаура Бибасарова
Лаура Бибасарова