№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ұлт денсаулығы – басты назарда!»

«Ұлт денсаулығы – басты назарда!»

«Ұлт денсаулығы – басты назарда!» жобасы аясында 1600 адамнан сауалнама алынды.«Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысында «Ұлт денсаулығы – басты назарда!» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында әлеуметтік пен денсаулық сақтау саласына қатысы бар үкіметтік емес ұйым өкілдері мен мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың өкілдері енген жұмысшы тобы құрылды.
Жоба аясында Қызылорда облысында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілуде. Ол үшін Қызылорда облысының тұрғындары арасында онлайн-сауалнама жүргізіліп, Шиелі кенті мен Арал және Қызылорда қаласының азаматтық қоғам белсенділері, сондай-ақ медициналық мекемелердің өкілдерімен сұхбаттасу жүргізілуде.
Облыстың барлық аудандары мен Қызылорда қаласынан 1600-ге жуық адамнан сауалнама алынды.
Сұхбаттасу барысында денсаулық сақтау жүйесіндегі түрлі мәселелер анықталуда. Қоғам белсенділері оларды шешуге арналған ұсыныстарын беріп, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты пікірлерін білдіруде.
Мұнан өзге, жоба аясында «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасымен, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен және өзге де мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда.
Жобаны АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы аясында Еуразия қоры қолдайды.
12 ақпан 2021 ж. 597 0