Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Екпінді көпірі ел игілігіне

Екпінді көпірі ел игілігіне

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистерінде «Көпір салу – сауапты істердің ең үлкені» делінген. Міне, бұл біріншіден, жауапты атқамінерлерге міндет болса, екіншіден, өте сауапты іс.
Алдымен Екпіндіге барар көпірдің ахуалына тоқталайық. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бардық.
– «Самара-ШымкентЕкпінді» аудандық мәндегі автомобиль жолындағы көпірді реконструкциялауға 2021 жылы республикалық бюджеттен 45000,0 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жұмыстарды орындауға «Ремстрой» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Келісім шарт құны 107 348,5 мың теңге. 2021 жылы келісім шартқа сәйкес, айналма жолды салу, ескі көпірді бұзу, темірбетон қазықтарды қағу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы облыстық бюджеттен тиісті 59985,0 мың теңге қаралып, плиталарды орналастыру, арматура тоқып, бетон құю жұмыстары жүргізілді. 2022 жылдың тамыз айында жұмыстарды толық аяқтауға облыстық бюджеттен 6457,1 мың теңге қаралды, – деді жауапты маман Дәулет Оразалыұлы.
– Бұл көпір 70-жылдары қашыртқы қазылған кезде салынған болатын. Алайда осыдан бірнеше жыл бұрын тозығы жетіп, жүруге жарамсыз күй кешті. Ауыл ақсақалдары бар, біріге отырып мәселені көтеріп келген едік. Міне, биыл шешімін тауып, көпір ел игілігіне берілді. Ауыл тұрғындары көпір қайта жөнделгеніне қуанышты. Енді көшелерімізді реттеп алсақ болғаны, – деді ауыл әкімі Қайрат Қожамжаров.
30 қараша 2022 ж. 194 0